Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23513 материал табылды

Жастар • 09 Қараша, 2023

Жастарды әлеуметтендіру мәселесі

Қазіргі жастар арасында буллинг жайы өткір тұр. Бұл «Жастарды әлеуметтендіру тәуекелдері» зерттеуі барысында белгілі болды. Тамыз айында жүргізілген сауалнамада респонденттердің 49,3 пайызы буллингті басынан өткергенін айтқан. Ең сорақысы, қатарластарының мұндай қағытпа әрекетіне тұрмыстық әлеуеті әлсіз жастар жиі кезігетін көрінеді.

Саясат • 09 Қараша, 2023

Әріптестікті дамыту – басты назарда

Мемлекеттік кеңесші, Қазақ­стан Респуб­ликасы­ның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО-ның Парижде өтіп жатқан 42-Бас конфе­рен­циясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйледі.

Үкімет • 09 Қараша, 2023

2000 ауыл мектебі «Starlink»-ке қосылады

Премьер-министр Әлихан Смайылов­тың төрағалығымен өткен кеңесте 5G технологиясын енгізу және шал­ғай елді мекендердегі мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қам­тамасыз ету мәселелері талқыланды.

Құқық • 08 Қараша, 2023

Биіктік пен біліктілік

Тәуелсіз еліміздің құқықтық тұғырнамасының қалыптасуына, дамуына үлес қосқан азаматтар аз емес. Олардың біразы ортамызда жүр. Олар елімізді құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыру мақсатында аянбай еңбек етті. Әсіресе сот, құқық қорғау және заң салаларында түпкілікті реформалардың қалыптасуына себепкер болды. Солардың бірі – Оңалсын Жұмабеков.

Таным • 08 Қараша, 2023

Скиф/сақтан қалған ұлы мұра

2023 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында ЮНЕСКО-ның 45-отырысы өтті. Онда әлемнің біраз еліндегі мәдени-рухани мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне алып, қор­ғау мәселесі қаралған. Алып Алтай, Оңтүстік Сібір, Солтүстік-батыс Моңғолия жерінде ежелгі скифтердің (скуз) мәдени мұрасы ғылыми әдебиеттерде «бұғытас» деп аталса, байырғы түркі жазба деректерде «сынтас» деп атал­ған. Осы мұралардың 80%-ы Моң­ғолия жерінде. Моңғол билігі атал­ған мұраларды ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізіп, қорғауына алу мәселесі осы жиында қарас­ты­рылды. Сынтастар (бұғытас) ЮНЕСКО-ның қорғауына алынып, Қытайдың ұлы қорғанымен, Үндістанның Тәж-Махалымен тең, әлемдік бірін­ші дәрежелі тарихи мұра деп бағаланды. Бұл мұраның сақ­таушысы Моңғол мемлекеті болға­нымен, мұраның түпкі иесі – оны жасап қалдырушылар түркілер. Белгілі түркітанушы ғалым ежелгі скифтерден қалған осы құндылық туралы сөз етеді.

Тұлға • 08 Қараша, 2023

Сыйластық

Алла тағала халқын жарылқайын десе, келешекте ұлт қамын жейтін екі ұлын бір-біріне тірек, сүйеу, жанашыр етіп жарататын болса керек. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларына айналған Кереку өңірінің тумалары, ақын Қалижан Бекқожин мен Қабдыкәрім Ыдырысов туралы осылай толғануға болады. Қалекең аға болып жыр айдынында күркіреп тұрған тұсында соңынан ерген балаң талапкер Қабдыкәрім інісін қолтықтан сүйегенін біреу білсе, біреу білмес. Тіпті ғұмыр бойы поэзиядағы аяқ алысына қолдау білдіріп, жанашырлық танытқанына тек сүйсінуге болады. Биыл Қалижан Бекқожиннің дүниеге келгеніне 110 жыл толса, Қ.Ыдырысовтың туғанына – 95 жыл. Сондықтан біраз уақыттан бері көкейде жүрген, адамгершілікті алтын арқау еткен осынау дүниені ақ қағазға төгілтіп ұсынар кез жеткендей.

Егемен Қазақстан • 08 Қараша, 2023

«Хат қоржын»

Сараптама • 08 Қараша, 2023

Жаһанның «жасыл» қабілеті

Жер шарындағы өзгеріп жатқан климат, яғни жаһандық жылу, табиғи экожүйенің бұзылуы, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, қоқыстың көбеюі – қазір әлемдегі күн тәртібінен түспейтін өзекті тақырыптар. Бұл мәселелер бойынша түрлі зерттеу жүргізіліп, есептер жазылды. Солардың бірі – қолданушыларға кәсіби бағытта пайдалы бола алатын «LinkedIn» компаниясы жүргізген зерттеу.

Жоба • 08 Қараша, 2023

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы

Қазақстан Үкіметі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын бекітті. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Теңге • 08 Қараша, 2023

Төл теңгенің тарихы

Қазақстан Ұлттық банкі 1992 жылдың 27 тамызы күні теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Онда ұлы тұлғалардың портреттері бар-тын. Ертесіне қазақ валютасының дизайнын жасаған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.