Табиғат • 16 Сәуір, 2024

«Қызыл кітапқа енген»: желіде Грейг қызғалдағын жұлған қыздың видеосы тарады

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Қызыл кітабына енген және заңмен қорғалған қызғалдақтарды теріп жүрген қыздың видеосы пайда болды. Бұл олқылылықты полиция назардан тыс қалдырмады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қызыл кітапқа енген»: желіде Грейг қызғалдағын жұлған қыздың видеосы тарады

Фото: видеодан алынған

«Тексеру барысында Ордабасы ауданының 22 жастағы тұрғыны жойылып кету қаупі бар Грейг қызғалдақтарын жұлғаны анықталды. Ол Ұялыжар ауылдық округінде орналасқан алқаптан Қызыл кітапқа енген гүлдерді теріп жатқан сәтін видеоға түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған», деп түсіндірді Түркістан облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Аталған факті полиция бөлімінде тіркелді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр.

Полицейлер Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлған азаматтар заңға сәйкес жазаланатынын еске салды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті