Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Қостанайда жыл басынан бері 48 өрт жағдайы тіркелді
Қостанайда өрт шығу жағдайлары жиіледі. Өкінішке қарай, өткен жылмен салыстырғанда биылғы көрсеткіш екі есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Қаңтар, 2023
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және биыл өзгеріссіз қалды. Ал ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артты. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі осы ретте ескеруге тиісті өзгерістер туралы түсіндіреді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2023
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кадрларға қажеттілікті анықтау мақсатында жұмыс берушілерді «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталында онлайн-сауалдамадан өтуге шақырады.
Білім • 16 Қаңтар, 2023
Ұлт болмысын қалыптастырудың сара жолы
Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында: «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш арыстарынан тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды. Біз біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек» деген болатын.
Әдебиет • 16 Қаңтар, 2023
Қаламгер Айгүл Ермектің «Жүрегім – Тайсойған» атты жинағына автордың сезім пернесін тап басқан өлеңдері мен бірқатар әңгімелері еніпті.
Экономика • 16 Қаңтар, 2023
Жеке табыс салығының жеңілдіктері
2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жеке табыс салығын есептеу бойынша өзгерістер енгізілген. Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерінің тізімі кеңейтіліп, цифрлық активтерді сатудан құн өсімінен түсетін кірісті салықтандыру бойынша норма енгізілді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
Әлемде және елімізде хайуанаттар бағы азайып келеді. Мәселен, 2018 жылы Қазақстанда олардың саны 20 болса, 2019 жылы – 18, 2020 жылы 16 болған-ды. Сондай-ақ хайуанаттар бағындағы жануарлар, құстар мен балықтардың саны бір жылда 29%-ға қысқарды. 2022 жылы 13 зообақ жұмыс істеді, оның алтауы – жануарларды ұстап көруге мүмкіндік беретін мекеме. Energyprom.kz мәліметінше, қазіргі уақытта хайуанаттар бағы Қазақстанның сегіз өңірінде ғана бар, оның ішінде сегіз хайуанаттар бағы – шағын бизнеске, үш зообақ – орта бизнеске, екі мекеме ірі бизнеске тиесілі.
Экология • 16 Қаңтар, 2023
Жуырда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Ёшикава Юуми екіжақты кездесу барысында экология саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
Қара алтынның құт қамбасы саналатын Атырау топырағының даңқты перзенті, ардагер мұнайшы Ембі кеніштерінің ашылуына атсалысқан белгілі геолог, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Орынғазы Есқазиев бақиға озды деген қаралы хабарды естіп, дәуір көшкендей күйде отырмын.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2023
Денсаулық сақтау министрлігі «Цефтриаксонға» қатысты түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде «Цефтриаксон» антибиотігін қолданған Алматы қаласының 18 тұрғыны қайтыс болды деген ақпарат тарап жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.