Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президентімен кездесті

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевпен маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлібек Қуантыров Түркі инвестициялық қорының президентімен кездесті

Кездесу барысында Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын іске асыру барысы талқыланды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров атап өткендей, Қордың жұмысын тезірек іске қосу Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді.

Кездесу нәтижесінде екі тарап негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Айта кетейік, 2022 жылдың қараша айында Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Түркі инвестициялық қорын құру туралы арнайы шешім қабылданып,  Бағдад Әміреев Қордың президенті болып тағайындалған еді.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025