Құрылыс және қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, 32 жаңа нысанның құрылысы мен 14 ескі нысанды жаңғырту жоспарланған.
Қазіргі таңда 6 жаңа нысан пайдалануға берілсе, 5 нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, ал 10 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Негізгі жобалардың қатарында Дарабоз шағынауданында 300 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық перинаталдық орталық салу, сондай-ақ 250 орындық көпбейінді аурухана, онкологиялық орталыққа қоса, бір ауысымда 350 пациент қабылдай алатын емханасы бар кешеннің құрылысы бар.
Кеңес барысында жұмыс істеп тұрған медициналық ұйымдарды күрделі жөндеу мәселесі де жеке қаралды. 2025 жылы 15 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеумен қамтылды.
Отырыста жобаларды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етіп, салалық басқармалар арасындағы үйлестіруді күшейту тапсырма берілді.