
Қазақстан • 30 Сәуір, 2024
Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетті
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 миллионнан астам жұмыртқа мен 1,1 тонна құс еті жөнелтілді. Өнім тұрғындардың қажеттіліктеріне, сондай-ақ табиғи апат салдарын жоюға атсалысып жатқан еріктілер мен әскери қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру үшін жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 30 Сәуір, 2024
Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Данияр Кірікбаев Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 30 Сәуір, 2024
Алматыдағы Батыс Желтоқсан көшесінде қозғалыс шектелді
Алматыда 24 сәуір мен 31 мамыр аралығында Ганди көшесінен Тимирязев көшесіне дейін Батыс Желтоқсан көшесі бойында көлік қозғалысы ішінара шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Сәуір, 2024
Мемлекетке қосымша 40 млрд теңге қайтарылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Парламент • 30 Сәуір, 2024
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Үкімет • 30 Сәуір, 2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Палата бюросын өткізіп, депутаттар 2 мамыр күнгі Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.
Пікір • 30 Сәуір, 2024
Ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ұтылмайды
Өтіп жатқан өмірдің сабағы мен тосын сыны аз емес. «Уақыт бәрін де алып кетеді: жылдар тізбегі адамның есімін де, сыртқы пішінін де, мінез-құлқы мен тағдырын да өзгертеді» деген даналық бар. Ата-бабаларымыз арман қылған, тау тұлғаларымыз іс-әрекетімен көрсеткен көптен күткен Тәуелсіздік орнағалы да отыз жылдан асып барады. Осы кезеңнің жақсылығы мен жамандығын өлшей алдық па?
Тұлға • 30 Сәуір, 2024
Еліміздің Логистика және көлік академиясына есімі берілген Алаштың асыл ұлдарының бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың туғанына биыл – 145 жыл. 90 жылдан астам тарихы бар (іргетасы 1931 жылы қаланған) оқу ордасы – еліміздің көлік-коммуникациялық кешеніне, оның ішінде теміржол және автокөліктері, сондай-ақ телекоммуникация саласы бойынша жоғары мамандар даярлайтын арнайы маманданған жетекші жоғары мектеп.
Пікір • 30 Сәуір, 2024
Достық үйлері – елдіктің нышаны
Бүгінде Достық үйлері өздерінің қызметін түбегейлі өзгертті. Олар азаматтардың күшін біріктіре отырып, түрлі бастаманы іске асырады. Достық үйлері – мәдени іс-шараларды өткізетін орын ғана емес, азаматтық қоғам институттары үшін ресурстық және коммуникациялық орта.
Абай • 30 Сәуір, 2024
Абай әндері – қазақ музыка тарихында ерекше орын алатын ақынның жаңа бағытта жазған туындылары, баға жетпес мирас. Қазақ әндері мен күйлерін жетік білген данышпан ешкімге ұқсамайтын әуен тудырып, музыка тарихында өз қолтаңбасымен биіктен көрінген композитор. Халық әндерін тыңдап өскен кемеңгер Абай өз айналасындағы халықтан шыққан өнерпаздарды, қазақтың атақты әншілерін, күйшілерін көрген, тыңдаған. Ана сүтімен дарыған халық әуендеріне терең бойлап, оның артықшылығын түсіне тұра, ешкімге ұқсамайтын өз әндерін жарыққа шығарған. Орыс романстарын естіп, оны Еуропа мәдениетімен үйлестіре отырып шығарған композитордың жаңа әуені халықтың құлағына өте жағымды болды. Ғұлама ақын дала халқына жаңа әуен, жаңа ырғақ, жаңа ән әкелді.