Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23444 материал табылды

Дәстүр • 11 Сәуір, 2024

Дәстүрді дәріптеген әжелер

Өнер – халықты эстетикалық мәдениет пен адамгершілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Кез келген ел өнерімен бағаланып, қастерленеді десек, қателеспейміз. Музей жұмысы өткен мен бүгінді байланыстырушы алтын көпір іспеттес. Жақында «Алматы облысы музейлер бірлестігіне» қарасты «Анаға құрмет» музейінің ұйымдастыруымен «Дәстүрді дәріптеген әжелер» атты аудандық әжелер байқауы болып өтті.

Сатира • 11 Сәуір, 2024

Қисынды қылық

Мен сияқты құрметті демалысқа шыққан біреу: «Қол босады, қызмет деп жүріп бір-ақ кітап бітіріп едім, енді қомақты біреуін бітірмесем» дегенде, құрбысы: «Ой, сіз не, кітап жазушы ма едіңіз?» деп таңғалады: «Е, жоқ-а, қайдағы жазған, ғұмырымда бір кітап оқыған­мын, енді екіншісін оқысам дегенім ғой» дегендей, бізде жазушы болмасақ та, журналист болып біраз қағаз-қалам шимайлағанбыз. Қол босады, ғұмырымда жазғандарды топтап-іріктеп, сұрыптап бітір­генмін. Ондағы ойым, мен де бір кітап шығарсам деп едім.

Қоғам • 11 Сәуір, 2024

Су тасқыны: Депутаттар жағдай толық тұрақталғанша тұрғындар арасында болады

Елдің солтүстік және батыс өңірлеріндегі елді мекендерге тасқын судың келуі толастамай тұр. Сондықтан Мәжiлiс депутаттары жағдайды бақылау үшiн аймақтарда жүр. Олар апатқа қарсы жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесіп, зардап шеккен тұрғындарға мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіріп жатыр. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Парламент • 11 Сәуір, 2024

Қазақстан мен Грузия дипломатиялық қатынастарын нығайтты

Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Бұл – Шалва Папуашвилидің Астанаға алғашқы ресми сапары. Грузия Парламенті делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ және грузин халықтарын тығыз тарихи қарым-қатынас пен мәдени дәстүрлер байланыстыратынын атап өтті. Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағалы тиімді саяси диалог жолға қойылды.

Сенат • 11 Сәуір, 2024

Сенатор адамдар көп жиналатын жерлердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді

Сенатор Бибигүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында адамдар көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2024

«Өнер қамқоршысы»: Павлодарда Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығы тойланды

11 сәуір күні Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Павлодар облысының Білім басқармасы, Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат кешені және Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясының бастамасымен «Өнер қамқоршысы» атты облыстық іс-шарасы өтті.

Білім • 11 Сәуір, 2024

ЕҰУ - әлемдік пәндік рейтингтің үздік топ-50 енген Орталық Азиядағы жалғыз университет

Қазақстандық білім беру бағдарламасы тұңғыш рет халықаралық QS пәндік рейтингтің топ-50 енді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәні бойынша алғашқы 50 оқу орны қатарына кірген Орталық Азияның жалғыз оқу ордасы. Барлығы 149 елден 5000-ға жуық әлемдік университеттің көрсеткіштері талданды. Әлемнің жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің сапасын британдық Quacquarelli Symonds агенттігі бағалады.

Пікір • 11 Сәуір, 2024

Батырлар өнегесі – тәрбие өзегі

Тәуелсіздігімізді қалай нығайтамыз, ұлтымыздың өсіп-өркендеуі мен ұрпа­ғы­мыз­дың дүниежүзілік бәсекелестікке лайықты болуы үшін қандай бағытта жұмыс істеуіміз керек деген мәселелерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үнемі зор мән беріп келеді. Жуырда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да бірқатар маңызды мәселе көтерілді.

Инфографика • 11 Сәуір, 2024

Нақты жұмыстар алгоритмі

Үкіметте су тасқыны жағдайына байланысты эвакуациялық орталықтарға орналастырылған балалармен жұмыс істеу алгоритмі жасалды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңесте вице-премьер Тамара Дүйсенова бұл механизмдер туралы толығырақ айтып берді.

Су тасқыны • 11 Сәуір, 2024

Ендігі міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шараларын тексерді.