ЖОЛДАУ • 04 Қыркүйек, 2024

Ауызбірлік айқын көрінер сәт

110 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында Президент ел халқына дәстүрлі Жолдауын арнады. Жолдауда назарға алынған мәселелер мен басымдықтар ел өмірінің барлық саласына тиесілі екендігімен есте қалды.

Ауызбірлік айқын көрінер сәт

Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткен негізгі 9 стратегиялық бағытта ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс істеу, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді ше­шу, еліміздің кадрлық әлеуе­тін біртіндеп арттыру, ұлт саулы­ғын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаң­ғырту, экологиялық ахуалды жақсарту, мемлекеттік бас­қару ісінің тиімділігін барынша арттыру, сондай-ақ қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру жайында кең көлемді бастамаларын ортаға салды.

Бұл бағыттар бойынша атқа­рылуы көзделген жұмыстардың дені кейінгі бес жылда елімізде қолға алынған ауқымды рефор­малық саясаттың жалғасы саналады. Атқарылған жүйелі жұ­мыстың нәтижесінде тиісті алғышарттар жасау арқылы осы стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру мүмкіндігі туды.

Жолдау барысында аталған тезистердің арасынан АЭС салу бойынша референдум мерзімінің анықталғаны ең маңызды шешім болғаны анық. Десе де, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін АЭС салу арқылы шешудің дұрыс-бұрысын отан­дастарымыз кейінгі бір жыл бойы қызу талқылап келді. Енді шешім қабылдау кезеңі туды. Бұл таң­дау арқылы халқымыздың ауыз­бір­шілігі айқын көрінеріне сенім­дімін.

Мемлекет басшысының осы тұрғыдан: «Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет», деп атап өтуі бекер емес.

 

Әлішер САТВАЛДИЕВ,

Сенат депутаты