Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3495 материал табылды

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2025

«Ең бастысы, нақты іс»

Ана тіліміздің жай-жапсары туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың әр отырысында айтып келеді. «Ана тіліміздің тағдыры жайлы сонау жиырмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері кешегі Алаш қайраткерлерінен бастап айтты» деген Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда бұл жайында бүгінгі ұлт зиялылары да, тіл жанашырлары да айтып жатқанын, айтылмаған сөз жоғын, біз ендігі арада қазақ тілінің тағдыры үшін құр байбалам сала берудің еш нәтижесі болмайтынын ұғынсақ етті деген ой тастады. Және «тіліміздің қолдану аясын кеңейте түсу мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып қала береді. Бұл – біз үшін мызғымас ұстаным» деп қадап айтты.

Туризм • 05 Қыркүйек, 2025

Марқакөлдегі туристік қалашықтың болашағы қандай?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов журналист Еркін Байғабылұлына берген сұхбатында облыспен көршілес Қытай елінің аумағында орналасқан Қанас көліне жыл сайын ішкі Қытайдан 10-12 миллион турист келетінін айтып, сол туристердің бір бөлігін облыстағы демалыс орындарына тарту үшін еліміздің аумағындағы Марқакөл мен Қанас көлінің арасында автокөлік жолының салынатындығын, осыған орай Марқакөл жағалауынан туристік қалашық салу жөнінде ойлары барын жеткізді.

Өнер • 05 Қыркүйек, 2025

Ән-күй арқауы – Ата заң

Еркеғали Рахмадиев атындағы Астана қаласы әкімдігінің Мем­лекеттік ака­демиялық филармония­сының ұйыт­қы болуы­мен «Жасай бер, Қазақ елі» атты концерт өтті. Еліміздің ең басты құндылығы – Ата заңымызды ұлықтаған кеш көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025

Әлеуметтік оптимизм – берекелі өмір бастауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы халыққа арнаған алғашқы Жолдауын сындарлы қоғамдық диалогке арнағаны белгілі. Ол мұны тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі жолы деп қарастырды. Өйткені әлемде қалыптасып отырған геосаяси ахуал тиімді мемлекет құруды, адамдардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қарқынды дамыған және инклюзивті экономиканы қалауды, халықпен тиімді диалог орнатуды талап етті.

Білім • 04 Қыркүйек, 2025

Үздік түлектер таңдауы

Еліміздегі жоғары білім мен ғылымның алтын діңгегіне айналған Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­­си­теті жаңа оқу жылын ай­рықша жетістіктермен бастады. Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік түлектер – «Алтын белгі» иегер­лері, республикалық және халықаралық олимпиада жеңім­паздары, дарынды жас­тар мен білімге құштар талап­­кер­­­лер ЕҰУ-дың студенті атанды. Бұл – университеттің сапалы білім беру жүйесіне, ғылыми-интеллектуалдық орта қалып­­тас­ты­рудағы көшбасшылығына берілген сенімнің айқын дәлелі. Өйт­­ке­ні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, елімізге диплом тарататын мекемелер емес, бәсе­ке­ге қабі­летті оқу орын­дары керек. Қоғамымызда дип­лом емес, білім культке айналу­­­­ға тиіс.

Руханият • 04 Қыркүйек, 2025

Тұлға туралы тың дерек

Абай Құнанбайұлы өмір жолындағы бір тарихи сәтке, нақтырақ айтсақ, 1896 жылдың 5 қыркүйегіне үңілмекпін. Бұл талай ғалымның назарынан тыс қалған, бірақ Абайдың рухани болмысын тереңірек тануға мүмкіндік беретін жаңа тарихи дерек.

Құқық • 04 Қыркүйек, 2025

Әділетті қоғам құқықтық құзыреттен басталады

Әрбір азамат қоғамда тең мүмкіндіктерге ие болуы қажет. Ал ол үшін алдымен әлеуметтік-құқықтық құзыретімізді түсініп алуымыз керек. Президенттің сайлауалды бағдарламасының негізгі ұғымы да, басты қағидаты да осы - әділет. 2022 жылғы конституциялық реформаның мақсаты – барынша әділет қағидасына жол ашу.

Спорт • 04 Қыркүйек, 2025

Астанада әлем чемпионаты өтеді

6–11 қыркүйек аралығында Астанада парахоккейден (B-пул) әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа Италия, Жапония, Швеция, Қазақстан, Франция, Финляндия құрамалары қатысады.

Қоғам • 04 Қыркүйек, 2025

Рухты әндер шырқалды

Р.Бағланова атындағы «Қазақкон­церт» мемлекет­тік академиялық концерт залында Ата заңымыздың 30 жыл­дығына арналған ақын-сазгер, Мәдениет сала­сының үздігі Ерқожа Тілепбердиевтің «Рух қана­тында» атты шығармашылық кеші өтті.

Саясат • 03 Қыркүйек, 2025

Қазақстан – Қытай: Өзара сауда көлемін ұлғайту – басым бағыт

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Бейжіңде жалғасты. Кеше Президент Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысына қатысты. Аталған іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары және бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде Қытайдың 70-тен аса ірі корпорациясының жетекшілері жиналды.