Басқосу барысында тараптар еліміздегі креативті индустрияны дамыту келешегін, мемлекет пен халықаралық жетекші технологиялық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Аида Балаева «Yandex Qazaqstan» компаниясының цифрлық және креативті экожүйелерді дамытудағы маңызды рөлін сөз етіп, инновациялық жобалар мен таланттарды қолдауға қосқан үлесін атап өтті.
Кездесуде Креативті индустрияны дамыту қорының қызметіне ерекше назар аударылды. Қордың негізгі жұмыс бағыттары, оның ішінде жобаларды жедел дамыту мен қолдау, креативті бастамаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту мен отандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару талқыланды. Сонымен қатар «Yandex Qazaqstan» компаниясы Қордың стратегиялық серіктесі ретінде қарастырылып отыр.
Жиын қорытындысында тараптар ұзақмерзімді әрі жүйелі серіктестікке мүдделі екенін айтып, креативті экономика мен цифрлық технологиялар саласында байланыс орнатуға ниетті екендігін жеткізді.