Азаматтарға арналған үкімет корпорациясының дерегіне сәйкес, олардың 69-ы – соғыс ардагерлері, 14-і – соғыс мүгедектері.
Мәліметке сәйкес, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шамамен 1,2 миллион Қазақстан азаматы майданға қатысқан. Бүгінде олардың саны елде санаулы ғана адаммен шектеледі.
Мемкорпорация арнайы төлем алушылар саны бойынша көш бастап тұрған 5 өңірді атады:
- Алматы қаласы – 26 адам
- Алматы облысы – 8 адам
- Қостанай облысы – 6 адам
- Шығыс Қазақстан облысы – 4 адам
- Қарағанды облысы – 4 адам
Ведомствоның мәліметінше, бұл төлемдер ардагерлер мен соғыс мүгедектеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының бірі саналады.
Нұрболат АМАНБЕК