
Аңдатпа • 14 Қараша, 2024
24 қараша - «Келіндер көтерілісі» Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы ұсынылады. Аударған – А.Сүлейменов. Режиссері – У.Қарыпбаев.
Басылым • 14 Қараша, 2024
Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Sardar G» баспасынан жуырда жарық көрген «Ғажайып шақ» атты жинағынан оқырмандар мектеп оқушыларының тыныс-тіршілігін арқау еткен шағын хикаяттар, мөлтек әңгімелермен таныса алады.
Кино • 14 Қараша, 2024
Қазақстандық фильм Францияда арнайы жүлдеге ие болды
Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Франциядағы «Cinema Heritage» фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды.
Егемен Қазақстан • 14 Қараша, 2024
Мемлекеттік тілдің мерейін асырайық Қазақ халқының батыр ұлдарының бірі Бауыржан Момышұлы: «Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен мәдениетінің, өнеркәсібінің, қоғамдық құрылысының, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық мұрасының қай деңгейде екенін білдіріп тұратын көрсеткіші» деп дәл тауып айтқан ғой. Елімізде қазақ тілін тұғырына қондыру бағытында айтарлықтай жұмыстар атқарылып келеді дегенімізбен, батпандап кіргеннің мысқалдап шығатынын да қаперде ұстаған жөн. Қазірдің өзінде қазақтардың саны бүкіл республика халқының 70 пайызынан асты. Осылайша, мемлекеттік тіліміз эволюциялық жолмен-ақ бірте-бірте өз биігіне табан тірейтіні күмән туғызбаса керек.
Пікір • 13 Қараша, 2024
Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңартатын ірі жоба
Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ-ның негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-конференциясы аясында Қазақстан Үкіметі мен Ислам даму банкі арасында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстандағы су ресурстарын дамыту жобасын іске асыру үшін ұзақмерзімді қаржыландыру шартына қол қойылды.
Тұлға • 13 Қараша, 2024
Тұлғаға қатысты тарихи құжаттар
Рысқұловтың өмірі мен мемлекеттік қызметіне қатысты бізге беймәлім деректер мен құжаттар, архив материалдары әлі де аз емес, себебі Тұрардың күні бүгінге дейін толық библиографиялық көрсеткіші жасалған жоқ, ал бұл істі жүйелі түрде қолға алатын кез де, уақыт та жетті. Сондай құжаттар Рысқұловтың қазақ жері аумағының қалыптасуына қатысты, оны іске асыруға байланысты көтерген мәселелері болса, екіншісі – шығыс елдеріндегі кино өнерін дамытуға қатысты практикалық іс-шаралары мен жасаған шешімдері.
Зерде • 13 Қараша, 2024
Ол екі ғасырдың небір қатерлі өткелінен сүрінбей өткен, ойға алғанын орындап, мақсат жолында тайғақтамаған кісі. Бұл сөздерді сексеннен асып бақиға жол тартқан Көшкіновті жетік білген соң, тасқайнар қайсарлығы, сөзге тоқтап, айтқанын бұлжытпай орындайтыны сабақ болса екен деп айтып отырмыз. Сүлеймен Көшкінов кім еді дегізбес үшін, кешкен тірлігін, қара жұмыстан зорығып, қапыда жан тапсырған әкеден төрт жасында жетім қалып, әже мен шешенің, әкесінің ағасы Сейдахметтің қамқорлығында ширағанын алға тартпақпыз.
Аңдатпа • 13 Қараша, 2024
20 қараша - «Абай – Тоғжан» Музыкалық жас көрермен театрының Түркістан облысына гастрольдік сапары аясында М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы ұсынылады. Инсценировка авторы – М.Әбіл. Режиссері – А.Маемиров.
Спорт • 13 Қараша, 2024
Жақында Астанадағы «Аризона» бильярд клубында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевты еске алуға арналған бильярд ойынынан турнир ұйымдастырылды.
Оқиға • 12 Қараша, 2024
Майбұлақ өңірі ежелден қырмызы қызғалдағымен, жауқазын жайнаған дархан даласымен көздің жауын алады. Әсіресе сәуір-мамыр айларында қойы қоздап, сиыры бұзаулап, жылқысы құлындаған шақтағы қызығы өз алдына бөлек. Мамыр-маусым айларында таңмен таласа биікке көтерілген бозторғайлар мен ақбауыр торғайлар тамылжыта түрлі әуенге салып сайрағанда аядай ғана Майбұлақ ауылының тіршілігі басталады. Ол кезде Майбұлақта 30-40 қана тұрғын тұратын. Бәрі бір ағайынның балаларындай ынтымақты еді.