
Фото Depositphotos.com
Мемлекет жалдамалы тұрғын үй бағдарлама қатысушыларына тиімді балама ұсынып отыр – 17 өңірде «Отбасы банкімен» бірлесіп жастарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылды.
Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының 10-20%-ын, жылдық мөлшерлеме өңірге байланысты 5-9%-ды құрайды.
Бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ филиалдарына 2026 адам жүгінді. Бұл – жалдамалы тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар жалпы санының 81%-ы. Нәтижесінде, 647 адамға несие берілген. Қазір 321 адам баспана іздеп жатыр. Қалған қатысушылардың да төлем қабілеттілігі анықталмақ.