Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23566 материал табылды

Руханият • 04 Маусым, 2020

Тарих таразысындағы төрт жайт

(Жалғасы. Басы 106-нөмірде) Халықты Совет өкіметіне қарсы қою үшін жер-жердегі троцкийшілдерге бай-кулактарды қолдағы байлықтарын қорғауға, билікке бағынбауға астыртын үгіттеу туралы нұсқау берілгені сөзсіз. Бұлай деу себебім: журналшы жолым басталған жылдары «ашаршылық», «халық жауы» туралы жазуды ойладым. Ол сұмдықтар жайында сан қилы сөздерді мен де естіп өстім ғой. Жазуды ауылымыздың көнекөз, кәріқұлақ ақса­қалдарымен әңгімелесуден бастадым. Бес қарт бар еді, солардан естігендерім: Біз­дің өңірде «колхоздастыру» жүргізіле бастаған 1931 жылдың жазында ауылға жоғары жақтан «ұжымдастыруды қолдау насихатын жүргізу үшін» келген қаратаяқ қазақ жігіт жұртты жинатып, «Совет өкіметінің коллективизация саясаты халыққа жақсы болатыны» жайында құлшына сөйлейді де, жиналыстан кейін, іңірде, Жамабек байды және алты орташаруаны оңашалап алып, оларға: «Совет өкіметінің беті жаман! Мен мұны сіздерге ғана айтып отырмын, көпшілікке айтуға болмайды, сотталып кетемін. Бұл өкімет «колхоз болу дұрыс» деген алдаумен малдарыңды түгелдей тартып алып, ортаға салады. Көнбегендеріңді жер шетіндегі итжеккен деген, мұз басып жатқан айдалаға айдап сорлатады! Ол ол ма, дүние-мүліктеріңе қоса қатындарың мен қыздарыңды ортақ етіп алады! Сол қиянатты естіген қазақтар «Сәбетке бұ­йырғанша, ит-құсқа бұйырсын!» деп, малдарын сай-салаға апарып қырып салған, өзенге тастап, ағызып жіберген. «Адамның тілінен аспандағы бұлт айналады» деген – сол. Советке іштей қарсы арандатушылар табиғаттың тарынуынан басталған ашаршылықты солайша асқындырыпты.  

Елбасы • 03 Маусым, 2020

Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Елбасы • 03 Маусым, 2020

Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Кеңесте «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қазіргі қызметі, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ кеңестің өткен отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 03 Маусым, 2020

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Алматыда құрылыс алаңынан өрт шықты

Алматыда жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанынан өрт шықты. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Елордадағы Түркістан көшесі 9 маусымға дейін жартылай жабылды

Көлік жүргізушілері кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғам • 03 Маусым, 2020

Димаш Құдайберген АҚШ-тағы наразылық шерулерге қатысты пікір білдірді

Белгілі әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы наразылық шерулерге қатысты пікірін  Instagram парақшасында жазды.

Экономика • 03 Маусым, 2020

Доллар бағамы 396 теңгеге дейін төмендеді

3 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 396,77 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

Қоғам • 03 Маусым, 2020

Шағын қалалар мен ауылдардағы 110 мың отбасы 50 мың теңгеден алады - Бауыржан Байбек

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі парақшасында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорынан 50 000 теңге көлеміндегі біржолғы төлемдерді тағы да кімдердің алатыны туралы айтты. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Елорданың қоғамдық орындарында маска тегін таратылуда

Күн сайын тәртіп сақшылары мен еріктілер адамдар көп жүретін қоғамдық орындарда, саябақтарда жаяу патрульдік тексеріске шығады. Олар коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін санитарлық нормаларды сақтау қажеті туралы қала тұрғындарына түсіндіру жүргізуде.