Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23566 материал табылды

Пікір • 03 Маусым, 2020

Арыстар рухына құрмет

Қазақ – адамзат тарихындағы ең ауыр трагедияны бастан кешкен халық. Сонау 1921 жылдардан бастау алған ашаршылық, одан кейінгі кәмпескелеу мен ұжымдастыру секілді зұлматтың шындығы әлі де ашыла қоймады. Ашаршылық пен қуғын-сүргіннен төрткүл дүниеге тарыдай шашырап, қайтыс болған, қудалауға ұшырап, атылып кеткен қазақтың тізімі толық жасалған жоқ. Төл тарихымызда бұл мәселе жете зерделенді деп айта алмаймыз.

Пікір • 03 Маусым, 2020

Ақтаңдақтар ақиқаты ашылуы керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялап, тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Енді бұл комиссия зұлмат жылдарында жазықсыз зардап шеккендерді барынша ақтауға күш салады.

Пікір • 03 Маусым, 2020

Ел үшін маңызды бастама

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен елімізде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні белгіленді.

Руханият • 03 Маусым, 2020

Айтылмаған құпиялар, зерттелмеген құжаттар аз емес

Президент өте дұрыс мәселені көтерді. Еліміздің әр өңіріндегі саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарының нақты санын анықтап, жан-жақты зерттеп-зерделеу үшін әр облыста, әр ауданда комиссиялар құрылуы керек деп ойлаймын.

Экономика • 03 Маусым, 2020

Ғылыми гранттарды бөлуде ашықтық керек

Көршілес Ресей және Еуропа мемлекеттерімен салыстырғанда, Қазақстанда ғылым саласына бөлініп жатқан қаражат көлемі аз. Сондықтан бұл бағытты қаржыландыруды жоспарлы түрде көбейту құптарлық іс. Ең бастысы, бөлінген ақшаны тағайындау процесі барынша ашық болуға тиіс.

Саясат • 03 Маусым, 2020

Жаңа мақсат-міндеттер айқындалды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық кеңес отырысында отандық білім және ғылым мәселелерін күн тәртібіне қойып, баян­дама жасап, нақты мақсаттар мен міндеттерді айқындап беруі, бұл салада уақыт талабына сай оң өзгерістердің орын алатындығы қуантады.

Пікір • 03 Маусым, 2020

Саланың дамуы қаржыға байланысты

Біздің орталықтың, басқа да ғылыми ұжымдардың агробизнестегі осыған дейін жеткен ғылыми жетістіктері аз емес. Әйтсе де, мемлекет тарапынан берілетін көмекке әлі де мұқтажбыз. Мәселен, ауылшаруашылық дақылдарының тыңайтқышқа бейімділік қасиеті күннен-күнге азайып бара жатқаны мәлім. Бізді алаңдататыны да сол. Қара топырақтың құнарын арттыру үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Бұл мәселеде ғылыми ізденістерге зәруміз.

Пікір • 03 Маусым, 2020

Білікті мамандарға көңіл бөлгені қуантады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау саласында қалыптасқан өте маңызды және өзекті мәселелерді қозғады. Бірінші кезекте, дәрігерлік қателіктер мен клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібін бұзғаны үшін қылмыстық қудалауға қатысты мәселені сөз еткені баршамызды бей-жай қалдырмайды.

Пікір • 03 Маусым, 2020

Оң өзгерістерге жол ашады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы ең маңызды білім мен ғылым саласындағы қордаланған мәселелерді талқылауға және шешімін табуға арналды. Отырыста өзекті ойлар айтылып, нақты мақсат-міндеттер айқындалды.

Коронавирус • 03 Маусым, 2020

Өткен тәулікте тағы 225 адам коронавирус жұқтырған

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 225 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 1,9%).