Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23568 материал табылды

Экология • 05 Маусым, 2020

Әр адам – жердің тұтынушысы

«Жерге бақ сыйла» қоғам­дық тәлімбақ жобасы жұмысын бастағалы 15 жыл болды. Эко-қонысымыз облыс орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан. 2004 жылдан бері Павлодар ауданы аумағындағы жерлерді игердік. Яғни «Туған жер» эколо­гиялық ауылының тұрғы­ны­мын. Қазір біздің саялы бақта 2,7 мыңға жуық ағаш өсіп келеді. Былтыр 150-ге жуық ағаш көшетін отырғыздық. Бұл – болашақтың жасыл орманы мен таза ауасы. Кейінгі ұрпақ бұл жобамызды жалғастырады деп ойлаймын.

Экология • 05 Маусым, 2020

Өндірістік экология өзектілігін жоймай тұр

Өскеменнің экологиялық жағдайы баршаға мәлім. Шаһарда қор­шаған ортаны ластайтын өндіріс орындары аз емес. Жұмыстан қолы­мыз қалт еткенде осы тараптағы мәселелермен шұғылдануға ту­ра келеді.

Қоғам • 05 Маусым, 2020

Қаракөлге халықаралық мәртебе берілсе

Мен эко-волонтерлікпен 2003 жылдан бері айналысып келемін. Алғаш назарымды аударған аймақ – Маңғыстаудағы Қаракөл көлі. 2016 жылдан бастап жыл сайын Ақ­тау маңындағы Қаракөл көлінде жастардың Солтүстік жарты шар­дағы қатпайтын су айдындарында су­­да жүзетін және су маңындағы құс­­тардың Халықаралық қысқы есебіне қатысуын ұйымдастырып жүрмін. Синхронды есеп ғаламдық қауіп төндіретін құс түрлерінің санын объективті бағалауға және оны сақтау бойынша қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақта­рының бірі ретінде Қаракөл кө­лін санитарлық тазалау бойынша экологиялық акцияларды, со­ның ішінде «Саябақтар маршы» халық­аралық табиғат қорғау акциясы ая­сында өткізуді дәстүрге айналдырдым.

Саясат • 05 Маусым, 2020

Әр елдің өз даму жолы болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатында Ресей мен Беларусь сияқты одақтас мемлекеттің құрамына қосылу жоспарымызда жоқ екенін ашық айтты. Сөз жоқ, халық бұл пікірге қолдау білдірді.

Пікір • 05 Маусым, 2020

Ынтымақтастық ырысымызды еселейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатымен танысып, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың куәсі болып отырмыз.

Руханият • 05 Маусым, 2020

Шұғыла-нұрды бетке алып...

Ғаламтор атаулы тірлігімізге енгелі бұрынғыдан қалған «жақсы кітап-жан азығы» деген мәтелдің мәні өзгергендей, қолдан қолға өтіп, тозығы жететін байырғы «Қисса Жүсіптен» бертінгі «Махаббат қызық мол жылдарға» дейінгі басылымдардың баяны кетіп, қонышта көнеретін «Жұлдыз» бен «Жалынның», «Мәдениет және тұрмыс» пен «Қазақстан әйелдерінің» басынан бақ тайғандай көрінетін. Жаңа дәуір жаршыларының тобынан табылып, Мұхтар ақын айтқан «компьютербасты пенделер» қарасын молайтып жүрген осы жолдардың авторы да күні бүгінге дейін үшбу қисын мен пайым-пікірді қолдап, қолпаштап келген-ді.

Таным • 05 Маусым, 2020

Сейілбек Үсенов және «Социалды Қазақстан»

Туған тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінде есімі қалса да, ел аузында өнегелі ғұмыры ауыздан-ауызға таралып аңызға айналса да, мұрағаттарда ескерусіз, елеусіз жатқан арыстарымыз жетерлік. Солардың бірі – 1932-1934 жылдары «Социалды Қазақстанда» бас редактордың орынбасары, тілшілер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған Сейілбек Үсенов болатын.

Елбасы • 05 Маусым, 2020

Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар тиімді ме?

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Тарих • 05 Маусым, 2020

Тарих таразысындағы төрт жайт

(Соңы. Басы 106-107-нөмірлерде) Сол қаулыдан бір үзінді: «...Рево­лю­цияға қарсыларды ату керек! Аудандарға өз төтелерінен ату құқы берілсін! Аудан­дарда шағын концлагерьлер ашылсын... Атылғандардың өліктері ешкімге беріл­месін. Бүкілодақтық төтенше комитеттің аудандық комитеттеріндегі жауапты жол­дастар топтап атуды қадағалап көріп тұ­руға тиіс. Аудандық комитеттерге ке­лесі мәжілістерінде өлік мәсе­лесін ше­шіп отыру міндеттелсін...» (В.Шам­баров, «Оккультные корни Октя­брь­ской революции»).

Спорт • 04 Маусым, 2020

World Athletics Токио олимпиадасына іріктеу кезеңнің ережесін жариялады

World Athletics Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына олимпиадалық іріктеу ережесін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.