Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
3557 материал табылды

Спорт • 28 Қаңтар, 2025

Жеңіл атлетикадан әлемдік сайыс басталды

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев II Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes сайысының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Халықаралық бәсеке Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл дүбірлі дода жеңіл атлетикадан ғимарат ішіндегі әлемдік турдың бір кезеңі екенін атап өткен жөн.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2025

Киелі шаһардың екінші тынысы

Қасиетті қаланың түркі дүниесінің рухани астанасына айналуы түркістандықтарға ерекше дем беріп, жаңа бастамаларға жол ашты. Бүгінде Парламентте қаралып жатқан қалаға ерекше мәртебе беру жайы ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Осы орайда Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасы жастарға ақыл-кеңесін айтып, рухани астананың атына заты сай болуына, Түркістан қаласын дамытуға сүбелі үлес қосып жүр.

Білім • 28 Қаңтар, 2025

Тамақ сапасын сараптады

Оқу-ағарту министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық білім басқармалары және «Атамекен» ҰКП өкілдерімен бірлесіп, білім ұйымдарындағы тамақтану сапасын талқылады.

Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Ауырғың келмесе, кітап оқы!

Ғалымдардың айтуынша, тұрақты түрде кітап оқу ми қызметін жандандырып қана қоймай, жан тыныштығын сақтауға және психологиялық тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.

Жансарай • 25 Қаңтар, 2025

Өнегелі жол

Өткен жылдың соңында жоғары білім мен ғылым саласында ұзақ жыл қызмет еткен физик-ғалым бақиға озды. Досым Кенжалиев – Жезқазғандағы, Оралдағы, Астанадағы әріптестеріміз үшін ерекше есім. Әсіресе шәкірттеріне ыстық. Дәрісте, практикалық сабақта, ғылыми семинарда, факультеттің үлкенді-кіші жиынында үндемей-ақ, кеуде қақпай-ақ, салмақты ой, ұсыныс айтып тұлғасын биіктететін. Әдетте ол бір шетте қарапайым ұстаздық қалпымен тұратын. Біз «Досеке, не айтарыңыз бар?» деуші едік. Сонда ол: «Мәселе былай ғой...» деп ешқайсымыздың ойымызға келмеген сындарлы пікір айтатын. Аз, бірақ саз сөйлейтін.

Тұлға • 25 Қаңтар, 2025

Қаржы саласының білгірі

Халқымызда ұлтқа ұстын болар арда азаматтар аз емес. Адал еңбегімен абыройға кенеліп, мәртебесі биіктеген сондай жанның бірі – қаржы-экономика саласының білгірі Камал Шөкенов.

Руханият • 25 Қаңтар, 2025

Шертпе күй өнерінің атасы

Ұлттық құрылтай іске кіріскелі мемлекеттік деңгейде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл ретте саяси билік пен азаматтық қоғам әріптес­тігінің басты бағдары – адалдық ұстанымындағы Әділетті Қазақстанға айналу. Сөйтіп халық пен билік арасында жаңа қоғамдық ортақ мәміле қалыптасады.

Тәрбие • 25 Қаңтар, 2025

Тәрбие тәжірибесі

Баянауылдың білім беру ұйымдарында келешекте ұлтқа қызмет ете­тін, дәстүр мен білім жолын бірге алып жүре алатын тұлғаны тәр­­бие­леу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы белсенді жүзе­ге асып жатыр. Бүгінде онымен 4200-ге жуық оқушы қам­тыл­ған.

Әлем • 24 Қаңтар, 2025

Тайганы жайлаған духа қауымы

Моңғолияның таулы табиғаты мен жергілікті халқының тарихына қызығушылық танытсаңыз, әлеуметтік желіде үнемі алды­­ңыздан шығатын ерекше бір халық бар. Олар – Тайгада тір­­­шілік ететін түркітектес духа жұрты. «Духа» сөзі «тухамен» қатар тарихта «туга», «тува», «тыва», «тофа», «туба» деп те кездеседі. Сондықтан оларды «моңғол тывалары» немесе «туба­­лары» деп те атайды. Ал моңғолдар духаларға «цаатан­дар» деген ат берген. Моңғол ғалымдарының еңбектерінде «цаа­тан» сөзі­нің мағынасы «ақ затқа ие болу», яғни «ақ бұғы бағу­шылар» дегенге саяды.

Басылым • 24 Қаңтар, 2025

Сәдуақас Ғылмани және Дала ғұламалары

Дәл осындай атаумен («Saduaqas Ghilmani and the Great Steppe Scholars») ғылыми жинақ өткен жылдың соңында Түркияның Ыстанбұл қаласында жарық көрді. Шығарушы ұйым – IRCICA, OIC (Ислам ынтымақтастығы ұйымы жанындағы Тарих, мәдениет және өнерді зерттеу орталығы). Осы еңбектің даярлануын, шығуын үйлестірген ғалым – тарих ғылымдарының докторы, аталған орталық пен Еуразия ұлттық университетінің жетекші профессоры, танымал дінтанушы Әшірбек Муминов.