
Аңдатпа • 20 Қыркүйек, 2024
21 қыркүйек - Астана кешінде... «Астана Опера» сахнасында Ilya Beshevli фортепианоға арналған музыка концерті өтеді.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
Тәуір жігіт Туған ауылымның топырағын басқанша асығамын. Пойыздан түсе сала бір шай ішіп ап, аяғыма кроссовки сұғып, көше аралауға шығам. Әуелі Ыбырай атамның басына барып Құран оқимын, сосын қасындағы мешітке кіріп, ата-анама дұға бағыштап, томпиған жәшікке садақа салам. Содан кейінгі сырласым – қайқайған қара жол. Қара жол қайда тартса, сонда барамын. Бұл – менің жан әуенім, бұл – менің Қырым мен Оқжетпесім. Осы жолмен жүрсем, жаным сергіп, рақат күй кешем.
Тағзым • 20 Қыркүйек, 2024
Ұстаз, ғалым, қаржыгер Майдан Әбдіғалиұлы Сәтқалиев 81 жасында дүниеден озды.
Саясат • 19 Қыркүйек, 2024
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Константин Лимитовский бастаған делегация мүшелерімен кездесу өткізді.
Үкімет • 19 Қыркүйек, 2024
Жоғары сот кеңесі төрағасын тағайындауға келісім берді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Президенттің Жоғары сот кеңесінің төрағасын тағайындауына келісім беру мәселесін қарады.
Маман • 19 Қыркүйек, 2024
Кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасына қатысуға құжат қабылдаудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті мәлімдеді.
Білім • 19 Қыркүйек, 2024
Озат оқушылар 5,5 млн теңгеден сыйақы алады. Олар мұндай қомақты сомадағы қаражатты халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін иеленбек. Жүлдегерлерді дайындаған педагогтер де елеусіз қалмайды.
Пікір • 19 Қыркүйек, 2024
Жыл сайынғы Жолдаулар шеңберінде Президенттің құқықтық идеяларын қамтамасыз етудегі Парламенттің заң шығарушылық рөліне тоқталғым келеді.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Кәмелетке толмаған балалардың, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген азаматтардың заңды өкілдері енді «eGov.kz» порталы арқылы олардың мүлкі және мүлікке тіркелген құқықтары туралы анықтамаларды ала алады. Бұл қызмет жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді алу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді.
Дін • 19 Қыркүйек, 2024
Қарағандыда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында Қарағанды облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.