Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
23224 материал табылды

Ең қысқа әңгіме • 20 Қыркүйек, 2024

Аңшы сабағы

Жалпы, мұғалімнің көбі балаға табиғат, жан-жануарлар туралы айтқанды дұрыс көреді. Мұның да бір мәнісі бар екенін кейін аңғардық. Біріншісі – тұспалдау. Яғни қалпыптасқан бейне арқылы (түлкі – қу, аю – жыртқыш, қоян – қорқақ т.б.) тәрбие беру. Екіншісі – табиғат, жан-жануар әлеміне бойлату. Мысалы, біз өскен өңірде жылан туралы аңыз көп айтылатын. Бір қызығы, көбі қорқынышты еді. Естияр шағымызда білдік қой, соның басым бөлігі үлкендердің көрші жұрт түсінігінен (кітап, фильм) алған «олжасы» екен. Мысалы, дәстүрлі қазақ ұғымында сол жылан – «шағып алатын жәндік» емес, байлық пен ақылдың серті екен. «Ер Төстік» ертегісі есіңізде шығар.

Аңдатпа • 20 Қыркүйек, 2024

«Қазақ газеттері» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді

«Қазақ газеттері» ЖШС «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 2024 жылға №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобаларының картасы шеңберінде 2024 жылғы 7 қазаннан 6 қарашаға дейін өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Технология • 20 Қыркүйек, 2024

Диқандарға тиімді технология

Су үнемдейтін технологияларға көшу экономиканың барлық саласында қажеттілікке айналып отыр. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында су ресурстары проблемасының өзектілігін атап өтіп, озық су үнемдеу технологияларын енгізуді жылына 150 мың гектарға дейін жеделдетуді тапсырған болатын.

Ғылым • 20 Қыркүйек, 2024

Генетикалық ауруды емдейді

Генетикалық аурулар адамзат қалыптасқан кезеңнен белгілі. Тіпті, осы заманның да өзекті мәселесіне айналды десек те артық болмас. Тұқым қуалаушылық сипатындағы бұл дертті қарапайым медицинада емдеу ұзақ уақытты талап етеді. Сондықтан ғалымдар бұл істі жеңілдету үшін жасанды интеллектінің көмегіне жүгінді.

Өнер • 20 Қыркүйек, 2024

«Айжұлдызда» шыңдалып жүр

Елімізде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше маңыз берілген. Осы бағытта 2022 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданында «Даму дала» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Айжұлдыз» өнер-білім студиясы ашылды. Негізгі мақсат – ауыл балаларын өнерге баулып, үлкен сахнаға шығару.

Ұстаз • 20 Қыркүйек, 2024

Ұлылық ұстаздан басталады

Ұстаз – қандай қастерлі, ұлағатты сөз. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстаз еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Зерде • 20 Қыркүйек, 2024

Бауыржан Момышұлы: Мен халқымның ұлымын!

Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлынан мерекелiк нөмiрге сұхбат алу жоспарланды. Даңқты полковникпен бетпе-бет кездесуге ешкiм өздiгiнше тiлек бiлдiрген жоқ. Жiгiттер ақыры маған тоқталды. Бұл сенiмге iштей қуансам да, көңiл қобалжулы едi.

«Таза Қазақстан» • 20 Қыркүйек, 2024

Экологиялық іс-шараның тиімділігі

«Бурабай» ұлттық паркі жазғы экологиялық акциялар барысын қорытындылады. Парк аумағындағы көлдердің жағалау сызығы мен орман жол­дарының 150 шақырымнан астамы ретке келтіріліп, жазғы экологиялық акциялар кезінде қоқыстардан тазартылды. Ұлттық парк аумағында төрт жүз тоннадан астам қоқыс жиналды.

Туризм • 20 Қыркүйек, 2024

Туристер ағыны

Қыркүйек айында өткен іс-шараның нәти­жесінде, елімізге 1-13 қыркүйек аралы­ғында келген шетелдік туристер саны 597 мыңға жетті. Туризм және спорт министр­лігінің мәліметінше, оның 68 мыңы елімізге Астана және Алматы халықаралық әуежай­лары арқылы, қалғандары авто және теміржол көлігімен келген.

Спорт • 20 Қыркүйек, 2024

Спортты бақталастық көгертпейді

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпар додасынан финалдық тартыс Қазақстан ұлттық құрамасы мен Қырғызстан ұлттық құрамасы арасында өтіп, 5:4 есебімен біздің көкпаршылар этноспорт Олимпиадасының чемпионы атанды.