
Бұл үдеріс «глимфатикалық жүйе» деп аталады. Ұйқы кезінде ми жасушалары қуатталып, біз таңертең сергек оянамыз. Сонымен қатар, мидағы жаңа ақпараттар естелікке айналып, қажетсіз синапстар жойылады. Яғни ми өзін-өзі тазалап, қайта құрылымдалады. Бұл үдерісте Альцгеймер ауруымен байланысты бета-амилоид секілді ақуыз шоғырлары да тазартылады. Демек ұйқы – тек тынығу емес, ол – мидың қалпына келу мен өзін-өзі күтіп ұстау кезеңі.
Айым КҮЗЕМБАЙ,
ЕҰУ студенті