
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Кеше Испанияның Бургас қаласында әкем Ибрагим Кубеков өмірден өтті. Жақындарыңызды қадірлеңіздер!» делінген хабарламада.
Ибрагим Кубеков – қазақстандық карикатурашы. Ол 1957 жылы Украин КСР-інің Ворошиловград қаласында дүниеге келген. 1960-жылдардың басынан бастап Алматы қаласында тұрған. 1978–1982 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің көркем-графика факультетінде білім алған.
1980-жылдардың соңынан бастап Ибрагим Кубеков шамамен қырық жыл бойы газет графикасы саласында еңбек еткен. Ол «Дружные ребята», «Караван», «Мегаполис», «Ковчег», «Информбюро» секілді басылымдарға шарждар мен карикатуралар жасап отырған. Ибрагим Кубеков – бүкілодақтық және халықаралық карикатура байқауларының жүлдегері әрі қатысушысы. Оның еңбектері республикадағы ірі музейлер мен көрме залдарында қойылған.
Алина ҚАЙРАТҚЫЗЫ,
ЕҰУ 2-курс студенті