
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Қазіргі таңда жасанды интеллект өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Мысалы, Америкада осы сала қарқынды дамып келеді. Оның нәтижелері өндіріс саласына енгізіліп жатыр. Барлық ел жасанды интеллектіні өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолдануға бет бұрды. Мәселен, Жапония медицина саласында құралдарына ЖИ енгізіп, оларды автоматтандыруға көшкен.
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне берген сұхбатында елдіктің сара жолына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына қатысты бастамалар жан-жақты қамтылды. Әсіресе қоғамда заң мен тәртіп қағидасын іске асырудың мән-маңызы сарапталды.
Пікір • 11 Қаңтар, 2025
«Ana tili» басылымында жарық көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият оқып шықтым. Мұндағы жұртшылықты толғандырып жүрген көптеген проблеманың ортаға салынып, экономикалық, әлеуметтік маңызды жайттар мен әлі де шешімін табуға тиіс өткір мәселелердің қозғалуы көкейіміздегі көп сауалдың нақты жауабы сынды әсер қалдырды.
Саясат • 11 Қаңтар, 2025
Мемлекеттік сатып алудағы маңызды өзгерістер
Биыл 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуда негізгі өзгерістер күшіне енеді. Президент тапсырмасымен мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
Үкімет • 11 Қаңтар, 2025
Өңірлерді дамыту жобалық кеңсесінің жұмысы
Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік, экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік орган, әкімдіктер, Парламент депутаттары және сарапшылар кірді.
Кино • 11 Қаңтар, 2025
Режиссер Гүлшат Смағұлованың «Шатырдағы екеу» фильмі Калькутта қаласында (Үндістан) өткен «Алтын арыстан» (GLIFF) халықаралық кинофестивалінде екі аталым бойынша жеңімпаз атанды. Туынды «үздік толықметрлі фильм» деп танылып, Best Debut Filmmaker Of Feature Film номинациясында жеңіске жетті.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2025
Арыстандай аруақты Мұхтар Мағауин ұлтының адал перзенті еді. Бар саналы ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдігі жолына арнаған Алаш зиялылары сияқты күллі ғұмырын қазақ әдебиетінің биік болуына, өр болуына, төр болуына қызмет қылған алтын айдарлы ұл болды. Соңына сарқылмас қазына қалдырды. Оның басы өз жанынан артық сүймесе кем сүймеген хакім Абай мен дана Шәһкерім туралы терең мағыналы толғаулардан бастап, соңы Шыңғыс қаған мен Алтын Орда дәуірімен тебіренетін эпос-эссе болып тиянақ тапты.
Тағзым • 11 Қаңтар, 2025
Мұхит асып, суық хабар жетті... Алаш руханиятының алдаспаны, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 85 жасқа қараған шағында бақиға озыпты. Бұл қаралы хабар халқымыздың қабырғасын қайыстырып жіберді. Ұлы Абай топырағында туып-өскен жазушы жас күнінен-ақ тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде есесі кетіп, еңсесі езілген ұлтының ұпайын түгендеуді өзінің өмірлік мұратына айналдырды. Ауылдағы кеудесі кең сарайдай көнекөз қариялардың, әсіресе туған атасы Мағауия ақсақалдың аузынан естіген ескінің есті сөздері өрелі өреннің ой-өрісін кеңейтіп, бала күнінен көрген-білген кеңес өкіметінің тұсындағы түрлі келеңсіздіктер намысын қайрағаны сөзсіз.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2025
Қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, жаратылысы бөлек, әр шығармасынан Ұлы даланың болмыс-бітімі, мінез-құлқы менмұндалап тұратын, ұлтымыздың үлкен жүректі перзенті, классик жазушысы Мұхтар Мағауин өмірден өтті.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2025
Аманаты ерен еңбегімен еселенеді
Ғапыл дүние, ғайыптан, бір бүйірі опырылып түскендей боп, мұңға батып, есін жия алмай қалғандай ма? Оның талтүстегі тосын күн күркіріндей күңіренісі мен күлбілтелі солғын күмбірі құлаққа еміс-еміс шалынды... «Арыстан әкем фәниден бақиға аттанып кетті, АҚШ-тың Мерилэнд штатындағы үйінде, бала-шағасының ортасында, 2025 жылғы қаңтардың 9-ы, жергілікті уақыт бойынша сағат 19.55-те (Қазақстан уақты бойынша қаңтардың 10-ы, сағат таңғы 05:55)». Бұл қазақ халқын өксіткен қаралы хабарды жеткізген классик жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге еді...