
Университет • 21 Қаңтар, 2025
Мемлекеттің мерейі тасып, беделі биікте тұруы үшін экономикамыздың еңселі болуы жеткіліксіз. Қарыштап қадам басып бара жатқан қазіргі жаһандану жағдайында ұлтымыздың ұпайын түгендейтін түрлі сала бар. Спорт, мәдениет, денсаулық сақтау салаларымен сабақтасып, салмақты тұлға, саналы ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білімнің орны айрықша.
Руханият • 21 Қаңтар, 2025
Тіл білімінің тарландары – академиктер Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбай, Өмірзақ Айтбайұлы қазақ тіл білімінің дамуына, оның түркі әлеміне танылуына қомақты үлес қосқанын көзі қарақты көпшілік жақсы біледі. Міне, осынау үлкен тұлғалармен іліктес көрнекті тілші-ғалымның бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Байынқол Қалиұлы.
Тағзым • 18 Қаңтар, 2025
Бірінші сыныпта мені оқытқан апай орын ауыстырып, енді басқа ауылдан ақшыл сары өңді, жұқа сары шашты, бетінің аздап секпілі бар, жұмсақ мінезді Мұқан аға Мағауин мұғалім болып келген. Бір айдай бізді қырман басына қатынап жүріп оқытқан. Жаймашуақ бір ашық күні сынып бөлмесіне келсем, менің партамның екінші бөлігінде кең маңдайлы, үлкен көзді, ақсары бала отыр екен. Мұғаліміміз: «Блөкжан, сенің қасыңа Мұхтарды отырғыздым, енді қатар оқисыңдар» деді. Әлі есімде, бұл 1948 жылдың қазан айының 8-күні болатын. Осы күн өмірімде шешуші бұрылыс жасады, біз бірге оқыдық, жарыса өмір шыңдарына өрледік.
Руханият • 18 Қаңтар, 2025
Қазақ университетінің журналистика факультетіне 1969 жылы оқуға түскен біздің курс студенттері өте талантты болды. Оны осы университетте өткен бес жыл ішінде олардың бойынан байқалған екі ерекшелік анық айғақтайды деп ойлаймын. Мұның біріншісі, курстастарымыздың қай-қайсысының да аудиторияда лекция тыңдап, кітапханада семинарға дайындаудан басқа бір ізгі істері бар-тын. Ол Алматыдағы газет-журнал редакциялары мен телерадио студияларына жиі барып, сондағы шығармашылық ортамен байланыс орнатуға деген құштарлығы еді. Осының нәтижесінде алғашқы оқу жылдарының өзінде-ақ көбіміздің әңгіме, өлең, очерктеріміз «Жалын» альманағы мен «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас», «Білім және еңбек» беттерінде басылып, Қазақ радиосының «Шалқар», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы эфирге таралып жатты. Ал үшінші-төртінші курстарда... Жоғарыдағыдай творчестволық белсенділіктің нәтижесі шығар, сірә, студент біздердің әдеби-публицистикалық шығармаларымыз түрлі ұжымдық жинақтарға еніп, тіпті жеке кітап та болып шыға бастады.
Пікір • 18 Қаңтар, 2025
Қоғамды ойландыратын ашық-жарқын әңгіме
Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіне берген сұхбатының көлемі де, мазмұны да ауқымды. Әдетте, айқара бет көлеміндегі әңгімеге көзіміз үйренген. Әрине, мәселе – көлемде емес, сұхбаттың ой-өзегінің салмағында. Ең алдымен, бұл – қоғамға арналып айтылған сөз.
Сенат • 18 Қаңтар, 2025
Пошта қызметін жетілдіру мәселесін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасованың қатысуымен отырыс өткізді.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2025
Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Басылым • 18 Қаңтар, 2025
«Казахстанская правда»: үлкен жолдың бел-белестері
«Казахстанская правда» газетінің жарыққа шыққанына – 105 жыл. Осы мерейлі датаға орай елордадағы Достық үйінде «Үлкен жолдың кезеңдері» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған ел қайраткерлерінен бастап жалпы зиялы қауым, мемлекеттік қызметкерлер, барша сала мамандары қатысып, басылым туралы ойларын ортаға салды.
Пікір • 17 Қаңтар, 2025
Ел тағдырына бәріміз жауаптымыз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдың қорытындысын саралап, талдап, алдағы міндеттерді айқындайтын жақсы үрдісті қалыптастырғаны халық көңілінен шығып отыр. Бүгінгі толассыз ақпараттар ағынында Мемлекет басшысының «Ana tili» газетіндегі сұхбаты елді де, әлемді де елең еткізді.
Руханият • 17 Қаңтар, 2025
Тойымыз мазаққа айналмауы керек
Асыра айтқандық емес, қазір қазақта не көп, той көп. «Той – Құдайдың қазынасы» деп ата-бабаларымыз текке айтпай, алыс-жақын ағайынын, құда-жекжатын шақырып, думандатып қуанышын бөліскен. Бірақ соңғы уақытта ғасырлармен қанаттасып, заманамен жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасқан халқымыздың тойынан сән де, мән де кетіп барады.