Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24243 материал табылды

Қазақстан • 18 Мамыр, 2021

Жолаушыларды отырғызуға уақытша тыйым салынды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хаттарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бо­­йынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр сағат 00.00-ден бастап жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынғанын хабарлады.

Таным • 18 Мамыр, 2021

Адамзатқа қалтқысыз қызмет

2021 жылдың дөңгелек даталарға толы жыл екенін ерекше атап өткеніміз дұрыс. Алдымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, сондай-ақ адамзаттың ғарышқа алғаш ұшқанына 60 жыл және Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл. Бұл орайда осы даталардың барлығына дерлік қатысы бар тұлға кім дегенде біз ойланбастан ұлы замандасымыз Олжас Сүлейменовтің есімін атаймыз.

Спорт • 18 Мамыр, 2021

Шынашақтай спортшы шындығы

Кәрімжан Әбдірахманов – «Достық-84» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері, әлем кубогының командалық есептегі жеңімпазы (1985), Еуропа чемпионатының (1985) және «Ізгі ниет-86» ойындарының қола медалисі, Кеңес Одағының 2 мәрте чемпионы (1984, 1990).

Өнер • 18 Мамыр, 2021

Киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті. Ол Министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру мәселесіне қатысты жұмыстарды пысықталып және "продакшндердің" кәсіпқойлық деңгейі негізінде іріктеу мақсатында мемлекеттік ақпараттық тапсырысты үлестіру ережелерін өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы хабардар етті.

Тарих • 17 Мамыр, 2021

«Біз Отанымыздың ұлттық теңдікке ұмтылысынан нәр аламыз...»

Жат елде жүрсе де, туған халқының азаттығы жолындағы күресін тоқтатпаған Мұстафа Шоқай «Біз Отанымыздың ұлттық теңдікке ұмтылысынан, жерлес­теріміздің рухани көмегінен нәр аламыз» деп жазғанында өзінің бүкіл өмірін арнаған тәуелсіздік идеясы түптің-түбінде іске асатынына сенген болар. Бүгінде тәуелсіздікке қол жеткізген біз – жерлестері Шоқайдың есімін кезінде кеңес өкіметі жаққан күйеден арши алдық па?

Қоғам • 17 Мамыр, 2021

Ауыл ажары басшысына байланысты

Ауыл әкімдерін халық сайлайды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп отыр. Демек бұл – қалайда жүзеге асырылатын іс. Олай болса, ауыл әкімдерінің бүгінгі жай-күйі қалай? «Әкім бол, халқыңа жақын бол!». Бұл ата-бабадан қалған сөз. Осы айтқандай, қазіргі әкімдердің қайсысы халыққа жақын, қайсысы халықтан алшақ?

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Куба және Қазақстан әйел құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту жолында бірлеспек

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Алматы облысында марал атқан азамат ұсталды

Президенттің еліміздегі флора, фауна және жануарлар әлемін сақтау туралы Жарлығын іске асыру мақсатында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Жалаңаш» шекара бөлімінің аумағында бірнеше арнайы шекаралық операция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Не ексең, соны орарсың

Елімізде егіс науқаны басталды. «Көктемнің бір күні – бір жылға азық», дейді халқымыз. Бірақ егіншілік саласында шешімін таппай жүрген мәселелер әлі де көп. Мәселен, еліміздегі басты дақылымыз – жаздық бидайдың орташа түсімі шамамен 1 гектардан 12 центнер болса, бізге ұқсас климаттық жағдайдағы Канада 27 центнер өнім алады. Соңғы 15 жылда Қазақстанда егін шығымдылығы орта есеппен 15%-ға өссе, басты сауда бәсекелестеріміз – Ресей, Канада және Аустралияда 30-40%-ға өскен. Дәл осындай деректерді майлы дақылдар, көкөніс және жемшөп бойынша да келтіруге болады.

Қазақстан • 16 Мамыр, 2021

Жаһандану және түпнегізге оралу: Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына қатысты ой

Өзара сауда өсіп, саяси, мәдени қарым-қатынастардың нығаюы негізінде, оның үстіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарышты дамуының себебінен әлем елдері бір-біріне ажырамастай байланған. Біз бұл процесті жаһандану деп жүрміз.