Әлем • 12 Мамыр, 2021
Францияда мәдениет майданы қызды
ЛОНДОН. Франция президенті Эммануэль Макрон қайтыс болғанына 200 жыл болған Наполеон Бонопарттың қабіріне гүл шоғын қою арқылы елдегі мәдениет майданын одан әрі күшейте түсті. Франциядағы қоғамға түскен жікті жазуға мүмкіндік бар ма, әлде кейбіреулер болжағандай, мемлекет «қанқұйлы азаматтық соғыстың» алдында тұр ма?
Әдебиет • 12 Мамыр, 2021
Формациялық даму үлгісі ғана емес, мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайтын халықтардың арасын жақындата түскені үшін адам баласы ең алдымен әдебиетке қарыздар. Сөз өнері қиялымыз туғызған мына фәнидің жалған көрінісі екеніне қарамастан, ол бізге күрмеуі күрделі тіршіліктің тереңінде жасырынған құндылықтарды табуға көмектесіп келеді. Нәсілдік, діни-ғұрыптық айырмашылығымызға, қай жерде, (мейлі ол сахараның шөлі ме, әлде, теңіздің көк майса жағалауы ма, немесе тіпті шексіздігі сағымды да адастыратын кең байтақ дала ма) туып, пешенемізге қандай ұлттың өкілі болу тағдыры жазылғанына қарамастан әдебиет бәрімізді мұңайтатын, қуантатын, табыстыратын, таңғалдыратын, біріктіретін, аяушылығымызды оятып, бауырмашылдық сезімімізді арттыра түсетін, ақылмен түсіндіріп бере алмайтын, біздің санамыздан да биік тұрған – Құдайдың құпиясы.
Әлем • 11 Мамыр, 2021
ИТАКА. Коронавирус пандемиясының екінші толқыны біріншісінің ауырлық дәрежесінен асып түскендіктен, жаһандық бифуркация анық аңғарылады. Пандемия бақуатты елдерде біртіндеп, түрлі деңгейде азайып келеді. Бірақ дамушы, енді дамып келе жатқан бірнеше мемлекетте, әсіресе, Үндістанда өршіп тұр. Сонымен қатар Бангладеш, Пәкістан, Түркия, Филиппин, Эфиопия және Кения секілді елдерде де індет қарқыны басылар емес.
Руханият • 11 Мамыр, 2021
Ақын Қасым Аманжоловтың өмір жолы да, өнер hәм өлең жолы да күрделі, қайшылықтарға толы болғанын білеміз. Әкесінен ерте айырылып, жетім өсті. Балалық шағы аштық пен жоқшылыққа тап келді. Ұлан-ғайыр даланың бір қиырынан екінші қиырына көшті. Сұм соғыстың сұрапылын бастан кешті. Майдан даласындағы оқ пен оттан, қар мен мұздан, окоптағы сыздан денеге дерт жабысты. Соғыстан кейінгі бейбіт жылдардың өзінде баспананың қиындығын бастан өткерді. Әдебиеттегі «әдеби иттердің» де әлегі көп болды. Осының бәріне қайсар Қасым шыдады. Бөрі секілді білдірмеді. Өзін де, отбасын да отты өлеңдерімен асырады, жылытты, жұбатты...
Спорт • 11 Мамыр, 2021
Жазғы Олимпия ойындары өте ме?
Токио – 2020 Жазғы Олимпия және Паралимпиада ойындары – биылғы жоспарланған әлемдік деңгейдегі ең ірі халықаралық шаралардың бірі екені сөзсіз. Атының өзі айтып тұрғандай, былтыр жазда өтуі тиіс болған XXXII Жазғы Олимпия ойындары дүниені дүрліктерген COVID-19 індетіне байланысты бір жылға шегерілген еді. Олай болса, бүгінгі таңда жапон елінің саяси-әлеуметтік жағдайы қалай боп тұр, жазда әлем жұрты Олимпия ойындарын тамашалай ала ма?! Халықаралық қоғамдастықты алаңдатып отырған бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне қатысты оқырмандарымызбен ой бөлісуді жөн көрдік.
Руханият • 10 Мамыр, 2021
Кешегі Фин соғысын былай қойғанда, 1941-1945 жылғы немістермен болған қан майданда қаншама арысымыз көз жұмды. Елге аман-есен оралғандардың соңғы легінің қалғандары да осы күні бірен-саран.
Ең қысқа әңгіме • 10 Мамыр, 2021
Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған қазақтар хақында
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын терең зерделеген академик-тарихшы Манаш Қозыбаев 1993 жылы 8 мамыр күні «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» мақаласында: «Соғыс жылдары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандар қатарында 96 638 қазақ жауынгері бар.
Таным • 10 Мамыр, 2021
Алыстан келген хат Ұлы Жеңістің 22 жылдығын тойлауға қызу дайындалып жатқанбыз. Осы мерекеге «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті бүкіл нөмірді арнамақ.
Қазақстан • 10 Мамыр, 2021
Тәуелсіздік және рухтың күшеюі
Тәуелсіздік туралы жүректен шыққан жырлар, өлеңдер, әндер баршылық. Олардың бәрі тәуелсіздікті дәріптеп насихаттауда, ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Қазақстанның әлемдегі бағасы тәуелсіздігімен жоғары, егемендігімен еңселі. Тәуелсіздік жариялағаннан бастап еліміздің барлық саласының дамуы нарықтық экономикаға көштік дегеннің өзінде мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі көрсетті.
Спорт • 09 Мамыр, 2021
Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық споршылар екі медальға қол жеткізді
XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.