Тарих • 09 Мамыр, 2021
Төбеден жай түскендей болып басталған 1941 жылғы соғыс еліміздің қиыр солтүстігіндегі Майбалық ауылының да бейбіт өмірінің тас-талқанын шығарған. Жүз шақты шаңырағы бар шағын ауыл төрт жыл ішінде майданға 150-ден артық жігіт жіберіпті. Олардың жетпістен астамы қазаға ұшыраған, ал елге тірі оралғандардың ширегі – мүгедектер. Екі-үш ұлынан айырылған, жалғызын жоғалтқан ата-аналар, жетім қалған балалар – сол кездегі ауылдың үйреншікті жағдайы еді. Ал қан майданда от кешкен жауынгерлердің қилы тағдыры кімге болсын ой салып, тағылым алғызары анық.
Руханият • 09 Мамыр, 2021
Екінші дүниежүзілік соғыс қаншама боздақты қыршынынан қиып, қаншама тағдырды тәлкек етті десеңізші. Сол аумалы-төкпелі кезеңнің ауыр азабын қара нардай көтеріп, азаматтық арына кір шалдырмай өткен асыл ағалардың бірі – Айтжан Ахмадиұлы.
Тарих • 09 Мамыр, 2021
Соғысты әдетте «ер адамның ісі» деп жатады. Бірақ Екінші дүниежүзілік соғыста майданға тартылған әйел саны бойынша КСРО алдыңғы орында тұрды. Деректерде 800 мың кеңестік қыз-келіншек Ұлы Отан соғысына қатысқаны жазылған. Олардың арасында қаракөз қазақ қыздары да аз емес еді.
Руханият • 09 Мамыр, 2021
Қарсы барлаушылар қаһармандығы
Тарихтағы Екінші дүниежүзілік соғыста қарсы барлаушы-майдангерлер маңызды рөл атқарды. Майданға олардың 400-ден астамы қатысты. 1941-1945 жылдар аралығында қазақстандық чекистер 43 неміс тыңшысын ұстады, барлау органдарының 620 қызметкері және 1 103 агенті туралы толық ақпарат алынып, оның 273-і қамауға алынды. Тағы бір жеңіс – жаудың барлау мектептеріне 57 чекист ендірілді.
Руханият • 09 Мамыр, 2021
Қазақстан халқы Ассамблеясы Жеңіс күнімен құттықтады
Құрметті отандастар! Сіздерді қасиетті және өшпейтін ерлік мерекесі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Руханият • 09 Мамыр, 2021
Соғыс оты көптеген адамның өмірін қиды. Майдангерлеріміз Отан алдындағы борышын өтеп, бүгінгі азат күннің ақ таңын атыру жолында қаны мен терін төкті. Қан кешіп, қиянкескі шайқаста жауын жеңіп, артында қалған ұрпағына Жеңіс туын алып берген әкелеріміздің өшпес бейнесі мәңгілік ел жадында қалады.
Тарих • 09 Мамыр, 2021
Бүгінгі күні егемен еліміздің тарихына «Екінші дүниежүзілік соғыс» деген атаумен енгізілген кешегі Кеңес заманындағы Ұлы Отан соғысының ащы шындығы әлі толық ашылмағандығы мәлім.
Президент • 08 Мамыр, 2021
Президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшылары бір-бірін Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Руханият • 08 Мамыр, 2021
Тоқсейіт әулетінің өмірі мен тағдыры халқымыздың тағдырымен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыста шайқалмаған шаңырақ қалды ма? Солардың бірі – менің атам Қазездің шаңырағы. Үш баласының үшеуін де майданға аттандырып, ұстараның жүзінде отырғандай күй кешкенін анам Марқаба айтып отыратын. Қайролла, Байзолла, Махмет Қазезұлдары – үш ағайындының үшеуі де соғыс ардагерлері.
Руханият • 08 Мамыр, 2021
Эссе Әуелі аты-жөні таңғалдырған. Қыс кезінде Мәскеу «Момышұлы» деген атты естіпті: Волоколам шоссесі, 1941 жыл.