Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24243 материал табылды

Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

Елбасы және Еуразия университеті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясындағы ерекше тарихи датаның бірегейі – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы. Елорда және ЕҰУ елдігімізді баянды етіп, Қазақстан жолының жаңашыл білім-ғылым мазмұнын байытып тұр. Рас, білім де, ғылым да – ел азаттығының сенімді тірегі, мызғымас өзегі. Астана көшер алдында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев: «Тарихымыздың жалғасы, өміршең істеріміздің арнасы бұдан былай да жаңа астанада жалғасын таба беруі тиіс» деген еді. Елбасының айтқаны айнымай келіп, кешегі Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласынан өңірлерге дейін тарайтын өміршең істердің білім-ғылым бағыты көшбасында Еуразия ұлттық университеті жүрді. Еңбекпен абыройы артты, түлекпен беделі өсті.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

Алға жетелеген асыл мұрат

Төкен Танаұлы Жұмағұловпен жарты ғасырдан астам уақыт бұрын Гурьев (Атырау) қаласында танысып, бір қоғамда өмір сүріп келеміз. «Бара жатқан зымырап байқалмайды уақыт» дегендей, біз де міне 80 жасқа шығып қалыппыз. Бұл жаста адам өткен өмірін ой елегінен өткізгенде, қандай деңгейге жеткенін, қоғамда алған орнын, істеген ісін, қалдырған ізін, кездескен қиындығын және кімдермен жұмыстас, сырлас, дос болғаны – бәрі көз алдында, күні кешегідей болып көрінеді.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2021

Жүзге келген журналист

Қазақ өнері мен мәдениетінде 100 жасаған ғұмырлы тарланбоздар туралы бұған дейін естімеппіз... Интернет шолып, тарихи құжаттамаларды ақтарғанмен ондай деректі кездестіре алмадық.

Экология • 20 Мамыр, 2021

Орда орманы ғылыми зерттеуге зәру

Хан ордасы ауылының іргесі Жасқұстан басталатын қарағайлы аймақтың қазіргі көрінісі дана Абайдың ұзын қайыңның құлағанын суреттегендей болып тұр.

Тарих • 20 Мамыр, 2021

Дауылды жылдардың даңқты ұлдары

Жезқазған өңіріндегі бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданының өткені мен бүгінін тілге тиек ете қалыңызшы, небір тұлғалардың тағдырлы жолы, төккен маңдай тері мен ерлік ісі, адами қасиет-келбеті сөйлей кетеді.

Елбасы • 20 Мамыр, 2021

Елорда тұрғындары Елбасына ұжымдық хат жолдады

Елорда тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

20 Мамыр, 2021

Өткен тәулікте 2433 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2433 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 20 Мамыр, 2021

Еуразиялық банк 2020 жылы ағымдық қызметтен түскен пайданы екі есеге арттырды

«Еуразиялық банк» АҚ-ның 2020 жыл­ғы шоғырландырылған пайдасы Ресей­дегі еншілес банкті сатудан түскен 2,1 мил­лиард теңге болатын біржолғы шығын­ды ескере отырып, 4,5 миллиард теңгеден 6,8 миллиард теңге­ге дейін өсті. Шоғырландырылған активтер 13%-ға 1,2 триллион тең­геге дейін өсті. Капитал 10%-ға 109 миллиард теңгеге дейін өсті.

Коронавирус • 20 Мамыр, 2021

Қашықтан жұмыс істейтіндер қатары арта түсті

Covid-19 пандемиясы басталған былтырғы құлдыраудан бастап еңбек нарығындағы жағдайды қалпына келтіру, сонымен қатар еңбек қызметінің баламалы нысандарын дамыту арқылы жұмыспен қамту сипаты да өзгерді. Бүгінгі таңда әлемдегі әр бесінші адам қашықтан жұмыс істеуге көшті немесе үйінде жұмыс істей бастады.

Руханият • 20 Мамыр, 2021

Тарихы бай тәрбие мен білім

«Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік», дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаттық жолында жүріп өткен жеңісіміз туралы. Яғни еліміздің дербес мемлекет ретінде жеткен жетістіктерінің ар жағында әр салада қызмет етіп жатқан азаматтарымыздың ерен еңбегі тұр.