Қазақстан • 17 Мамыр, 2021

Куба және Қазақстан әйел құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту жолында бірлеспек

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова Куба Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Эмилио Певидо Пупо мырзамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Куба және Қазақстан әйел құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту жолында бірлеспек

Кездесу өткізу жайында кубалық тарап Куба әйелдерінің федерациясымен (FMC) ынтымақтастықты нығайту мақсатында бастама көтерген. Әлемдегі барлық әйелдер ұйымдарымен байланыс орнату және оны нығайту FMC ұйымының күн тәртібіндегі басты мақсаттың бірі. Бұл кездесу халықаралық ұйымдар аясындағы қазақстандық-кубалық өзара қарым-қатынасты нығайтуға, екі тараптың БҰҰ аясындағы міндеттемелерін орындауға, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөніндегі тұжырымдама аясында қабылданған міндеттерді орындауға ықпал етпек.

Кездесуде қазақстандық-кубалық қарым-қатынасты дамытудың жоғары деңгейде екені айтылды. Қос тараптың күн тәртібіндегі және жалпыға ортақ ауқымды сұрақтар талқыланды. Кездесуде тараптар халықаралық аренадағы әлеуметтік маңызды мәселелерде Нұр-Сұлтан мен Гавана арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсуге мүдделі екенін танытты. Атап айтқанда, әйелдер құқығы және олардың мүмкіндіктерін кеңейту жолындағы өзара ынтымақтың маңызы зор.