
Пікір • 13 Желтоқсан, 2024
Тәуелсіздік деген – тәтті сөз, тәтті ұғым. Оның қадіріне жету – әрбіріміз үшін киелі борыш. Тәуелсіздік дегенді тәртіпсіздік деп ұғып, мемлекет мүлкіне қол сұғып, халықтың ырысын талан-таражға салып жүргендер бар. Тәңірден тәлейімізге бұйырған азаттықтың оңай келмегенін, бұл күн халқымыздың ғасырлап күткен асыл арманының жемісі екенін ешкім жадынан шығармаса деймін.
Егемен Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2024
Оқырман ойы: Жақсы істердің жаршысы
Халықпен бірге Абай облысының оқырмандары да «Egemen Qazaqstan» газетін еліміздің бас газеті деп білеміз. Көңіліндегіні тауып, таным байытып отырғанына биыл 105 жыл толып отырған бұл газетті өңір ардагерлері үзбей оқып келеді. Келер жылға да арнайы жазылып жатқан жайымыз бар.
Тарих • 13 Желтоқсан, 2024
«Алтын сақина» пьесасының құнды қолжазбасы
Алаш арыстарының көпшілігі 1937-1938 жылдары «халық жауы» есебінде жалған, ауыр айыптаулармен атылып кеткеннен кейін олардың мұралары түгелге жуық тәркіленгені белгілі. Алаш арыстарының артында жүздеген кітабы қалды. Оны алаштанушы-ғалымдар, төте жазуды оқып, зерттеп жүрген азаматтар зерделеп, қазақ оқырмандарына қайтадан ұсынып жатыр. Бірақ ащы болса да ақиқат сол арыстардан – Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Телжан Шонанұлы мен Қошке Кемеңгерұлынан қалған қолжазбалар жоқтың қасы. Ал қазір пайдаланып жүргеніміз – тек қана ресми баспада шыққан кітаптары, басылымдарда жарияланған мақалалары, мұрағаттар, деректер. Баспадан шыққан кітаптардан да құнды нәрсе – қолжазба, яғни автордың ең алғашқы, ең дұрыс деп қараған түпнұсқасы. Ал баспадан шыққан кітаптарда сол кездегі цензураға ұшырап, басылмай қалған тіркестер де болады. Кітаби нұсқа мен қолжазбаның арасы жер мен көктей.
Заң мен Тәртіп • 12 Желтоқсан, 2024
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Парламент әдеттегідей жылды қарқынды жұмыспен аяқтағалы отыр. Осы жылы да негізгі салалардағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобалары әзірленді. Заңдар жаңа жылдың алғашқы күндерінен бастап күшіне ене бастайды. Онда Мемлекет басшысы белгілеген басым міндеттер ескерілген. Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің қарауында 70-ке жуық, Сенаттың қарауында 14-ке жуық заң актісі бар, көптеген жобаның жұмысы аяқталды және заңдарға Президент қол қойды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Қазақстанның бірінші әуе кемесі
Ленинградта Қазақстанның бірінші әуе кемесі істеліп шықты. Кеменің бағасы – 18 мың сом, өзі соғысқа арналып істелген. Сондықтан Қазақстаннан барған комиссия оны Ленин атындағы әуе кеме отрядына тапсырды.
Егемен Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2024
Ұлылар мен ірілердің ізі қалған
Қырық жылдық журналистік ғұмырымның 27 жылы ел газеті «Егемен Қазақстанда» өткен екен. 1990 жылдың 1 желтоқсанында бас редактор Шерхан Мұртазаның бұйрығымен «Социалистік Қазақстан» газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кірістім. Бес жыл еңбек еткен облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясының ұжымымен қимай қоштастым. Содан кейін рухани қара шаңырақта үздіксіз еңбек етіп, тілшіден басылым басшысына дейінгі жолдан өткен екенмін.
Тұлға • 12 Желтоқсан, 2024
Өткен ғасырдың 20–30-жылдарында кеңестік империя «халық жауы» деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматтарын жазықсыз жазалағанына тарих куә. Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысынан он мыңнан астам адам түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, жер аударылды. Сондай қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбыраев еді.
Тағзым • 12 Желтоқсан, 2024
Алаш қайраткерінің зерделі тұяғы еді
Күні кеше мұхиттың арғы жағынан қаралы хабар келді. Түркістан автономиясының тұңғыш төрағасы, Алашорда үкіметінің көрнекті өкілі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер Мұхаметжан Тынышбаевтың ұлы, ғалым Дәулет Шейх-Әли дүниеден өтіпті...
Егемен Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2024
Жол азабынан құтқарған – «Egemen Qazaqstan»
Биыл Орал қаласын Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарымен жалғайтын жол толық асфальттанып, қос ауданның халқы талай жылғы жол азабынан құтылды.
Егемен Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2024
«Egemen Qazaqstan» – ұлт рухы мен замана жылнамасы. 105 жыл бұрынғы бірінші нөмірінен бастап мемлекетіміздің дамуы, тарихи сана мен рухани құлдырау кезеңі, жаңғыру мен қайта өрлеу тұстары тасқа таңба басқандай етіп жазылып тұрды. Менің ұлт басылымына басшы болып келуім мемлекетіміздің тарихындағы жаңа кезеңмен тұспа-тұс келді. Сол кезде Астананы Ақмолаға көшіру міндеті қойылды. Әуелі газеттің Ақмоладағы қосынын ұлғайттық. Елордаға баратын журналистер үшін тұрғын үй сатып ала бастадық. Ең бастысы, редакцияға жаңа мекенжай табу қажет болды.