Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Депутат қоқыс шығаратын компаниялардың қызметін сынға алды
Мәжіліс депутаты, ЖСДП фракциясының мүшесі Ажар Сағандықова елордадағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болып, қоқыс сұрыптау кешенінің инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 05 Қаңтар, 2026
Ашылмай келген ақиқат: Пулеметті денесімен жауып, өзін құрбан еткен қай Боран Нысанбаев?
Адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған алапат ІІ дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіске биыл 80 жыл толды. Осыған орай жұртшылық назарына Кеңес Одағының батыры Боран Нысанбаев туралы жаңа архивтік деректерді ұсынып отырмыз.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2025
Кәсіпкерлер өнеркәсіпке қатысты мемлекеттік реформаны қолдады
Отандық тауар өндірушілердің Бірыңғай тізілімін іске қосу бойынша ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бұл − отандық кәсіпорындарды қолдауға, нақты өндірісті дамытуға және ішкі нарықта ашық әрі әділ ережелер қалыптастыруға бағытталған маңызды құрал, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Шүлбі су электр станциясы: жұмысшы мамандық – өмірлік кәсіп
Энергетика саласында кездейсоқ адамдар болмайды, әсіресе гидроэнергетикада. Мұнда энергия жүйесінің тұрақтылығы жұмысшы мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты. Шүлбі су электр станциясы – жұмысшы еңбегінің сенімді энергетиканың берік негізіне айналатынын айқын көрсететін нысан.
Ғылым • 25 Желтоқсан, 2025
Еліміздегі тұңғыш Халықаралық қатынастар факультетіне 30 жыл толды
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел ретінде саяси даму бағыты енді айқындалып жатқан тарихи кезеңде профессор Ж. О. Ибрашев еліміз үшін жаңа әрі стратегиялық маңызы зор – халықаралық қатынастар саласында мамандар дайындау қажеттілігі туралы алғашқылардың бірі болып мәселе көтерді. Оның пайымдауынша, әлемдік қауымдастықтың дербес мүшесі ретінде Қазақстанның шет мемлекеттермен тиімді өзара ықпалдастықты орнатуы үшін халықаралық қатынастар мен дипломатия саласында жоғары білікті кәсіби мамандарды даярлау - аса өзекті міндет болды.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2025
«Келешек мектептері»: Сауранда 3 заманауи мектеп пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы өңірлерде сапалы білім алуға тең мүмкіндік қалыптастыруға бағытталған. Осы ұлттық жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп салынса, оның ішінде Сауран ауданында үш заманауи мектеп пайдалануға беріліп, балалар мен ұстаздар үшін қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасы қалыптасты.
Мәдениет • 24 Желтоқсан, 2025
Кітапханаларда кедергісіз ортаны қалай құрамыз?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өткен еді. Осы орайда кітапханада кедергісіз орта қалыптастыру – уақыт талабы.
Технология • 23 Желтоқсан, 2025
Журналистика қалай өзгеріп жатыр: Қазақстанда БАҚ өкілдері цифрлық дағдыларды меңгерді
Қазақстанда медиасалада заманауи технологияларды қолдану бойынша журналистерге арналған тренингтер сериясы аяқталды. Екі ай бойы іс-шаралар Шымкентте, Ақтауда және Алматыда өтіп, елдің тоғыз өңірінен келген 50-ден астам БАҚ өкілін біріктірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 22 Желтоқсан, 2025
ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға мемлекеттік сапары аясында Eurasian Resources Group (ERG) жапондық жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық келісімге қол қойды. Бұл келісімдер Қазақстанның сирек және аса маңызды минералдар нарығындағы орнын нығайтып, жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға серпін береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Мирас Мұқаш: Әскер беделін арттыратын туындылар керек
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған.