Қарағанды облысындағы Абай және Бұқар жырау аудандарындағы екі елді мекенде дәрігерлік амбулаториялар ашылды. Бұл медициналық нысандардың әрқайсысының құрылысына 2015 жылы облыс бюджетінен 51 миллион 598 мың теңгеден қаржы бөлінген болатын.
Абай ауданына қарасты Құрма ауылындағы денсаулық сақтау бекеті бұрын тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан еді. Оның бөлмелері де санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін. Ал Бұқар жырау ауданындағы Баймырза ауылының дәрігерлік нысаны бұрынғы музыкалық мектеп ғимаратында орналасып, қажетті жағдайларсыз жұмыс істеп келген болатын.
Бүгінгі күнде жаңа ғимараттар санитарлық стандарттарды сақтай отырып салынған және де қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Негізінде жаңа дәрігерлік амбулаториялардың «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік бекеттер және емханалар» жобасы аясында салынғанын да айта кеткен жөн.
«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, жергілікті билік органдары біздің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауда. Бұл айтып отырған әңгімеміздің тұрғындарды жайлы баспанамен қамтамасыз етуге, жалпы білім беру және балалар бақшалары жүйесін дамытуға, түрлі әлеуметтік маңызы зор ғимараттарға, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы нысандарға да қатысы бар», – деді дәрігерлік нысандардың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков.
Өңір басшысы ағымдағы жылы облыста 27 жаңа дәрігерлік амбулаторияны пайдалануға беру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол күрделі жөндеуден кейін облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық корпусының ашылғанын айтты. Сондай-ақ, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында диагностикалық ультрадыбыстық зерттеудің үш бөлмесі ашылып, жұмыс істей бастаған. Ал Теміртау қаласында Мақажанов атындағы клиниканың филиалы құрылып, пайдалануға берілді. Жалпы, өңірде денсаулық сақтау нысандарын жөндеу жұмыстарына облыс бюджетінен 800 миллион теңге қаржы бөлінген.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы.

Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57