Тергеу жұмыстары жерге қатысты даулы іс қаралғаннан кейін басталғаны айтылды.
Сот шешіміне сәйкес, Бекбол Баймаханов Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтыққа оқталу), сондай-ақ 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан мемлекет пайдасына 1,2 млн теңге өндірілетін болды.
Іс материалдары барысында Баймахановтың жұмыс кабинетінде 15 мың доллар (шамамен 7,4 млн теңге) және 466 мың теңге табылған. Бұл қаражат мемлекет қорына аударылады.
Ал бұрынғы судья Ерлан Ибраев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды, мемлекетке 2,2 млн теңге қайтару міндеттелді.
Сонымен қатар Гамлет Мелконян – 4 жылға, ал Геворг Погосян – 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, судья оң шешім шығару үшін 50 мың доллар пара алуды жоспарлаған болуы мүмкін. Кабинеттен табылған 15 мың доллар сол соманың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.