5 наурыз күні Қазақстанға жолаушыларды алып келу үшін қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар тағы бірнеше рейс орындайды.
Air Astana әуе компаниясы Жидда – Ақтау – Алматы және Жидда – Атырау – Алматы бағыттары бойынша екі рейс орындауды жоспарлап отыр.
SCAT Airlines әуе компаниясымен Маскат – Алматы бағыты бойынша 2 рейс орындалады.
Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді
Air Arabia әуе компаниясы Шарджа – Алматы бағыты бойынша рейс орындауда. Тәуліктің соңына дейін осы бағытта тағы бір рейс жоспарланған.
Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Алматы және Астана қалаларына рейстер жасауды жоспарлап отыр (жолаушылар саны нақтылануда).
Ал 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан Республикасына барлығы 12 рейс ұшып келді, нәтижесінде 2 111 жолаушы елге оралды.
Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай?
Бүгінгі күнмен қосқанда Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға шамамен 4 000 азамат жеткізіледі.
Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының бірлескен жұмысы аясында жалғасып жатыр.
Еске салайық, Таяу Шығыстағы саяси ахуалдың ушығуына байланысты Air Astana бірқатар халықаралық бағыттар бойынша шектеулерді ұзартты.
Бұған дейін Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан 13 рейс тоқтатылғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің жедел байланыс және «жедел желі» нөмірлерінің іске қосылғаны хабарланған еді. Сонымен қатар Дубайдан Оман арқылы 467 отандасымыз елге жеткізілді.
Ал Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейсті орындады.