АЛМАТЫ. 29 қаңтар. Алматыдағы «Тұран» университетінде «Кино және телевизия академиясы» факультетінің таңдаулы студенттеріне Ораз Әбішев атындағы арнайы стипендияны салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мәдени шара Қазақстан деректі кино өнерінің негізін қалаушы режиссер, Қазақ ССР-нің Халық әртісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ораз Әбішевтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңына орай ұйымдастырылды.
Қазақстанда кино саласында белгілі бір режиссердің атындағы арнайы стипендия тағайындау рәсімі бұрын-соңды болмаған.
«Режиссура» мамандығының таңдаулы студенттеріне тағайындалған арнайы стипендияны Константин Суров, Серік Сәрсенбаев, Ләйла Сыздықова иемденді.
Стипендия иегерлерін марапаттау рәсімі Ораз Әбішевтің шығармашылығы мен ғұмырнамалық жолына арналып түсірілген режиссер Жаңабек Жетіруовтың «Оралу» атты деректі фильмінің арнайы көрсетілімімен ашылды.
Кеш барысында «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, Ораз Әбішевтің ұлы, Қанат Әбішев, режиссердің қызы Гүлжахан Әбішева, ұйымдастыру комитетінің орынбасары Гүлбазар Медиева сөз алып, арнайы стипендия иегерлерін құттықтады.
Ораз Әбішевтің өнердегі ізбасарлары, Қазақстан Кинематографистер одағының төрағасы Сламбек Тауекел мен «Бастау» Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің директоры Сергей Азимов студенттерге танымдық тұрғыдан үлгі боларлықтай естеліктерімен бөлісті.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 29 Қаңтар, 2016
Алматыда режиссер Ораз Әбішев атындағы стипендия тапсырылды

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды
Ауа райы • Бүгін, 18:45
Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді.
Оқиға • Бүгін, 18:25
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02