20 Қазан, 2010

Уран өндіру ісіндегі жоғары көрсеткіш

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше елордада Индустрия және жаңа технологиялар ми­нистр­­лігінің ұйымдастыруымен “Атом өнеркәсібінің дамуы” тақырыбында брифинг болып өтті. Оған Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов қатысты. Жыл басынан бері 12 мың 780 тонна уран өндірілсе, бұйыртса, жыл соңына дейін 5 мың тонна уран өндірілмек. Өткен жылы елімізде 14 мың 214 тонна өнім өндірілген. Осы көрсеткіш бізге әлемде уран өндіру ісінде алғашқы орынға шығуға мүмкіндік беріп отыр. Аталған көрсет­кіштер биыл да кемімей, қай­та арта түсті. Қазіргі таңда ша­­мамен республикада он уран өндіруші бірлескен компаниялар бар, деді вице-министр Д.Тұрғанов. Сондай-ақ ол бүгінде уран өндіру ісі­нен елімізден кейінгі орын­дарды Канада, Австралия секілді мемлекеттер жалғас­тырып отырғанын да назар­дан тыс қалдырмады. Еліміз әзірге уран қоры жағынан әлем­де екінші орында тұр. Соған қарамастан, өндіру жағынан бірінші орында,- деді ол брифингте. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.