05 Сәуір, 2015

Ресей бендиден әлем чемпионы атағын сақтап қалды (фото)

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

05-04-15-bendi-1

АСТАНА. 5 сәуір. Допты хоккейден Ресей құрамасы кеше Хабаровскіде мәреге жеткен әлем чемпионатында өзінің чемпиондық атағын сақтап қалды. Ол финалдық матчта Швеция құрамасын 5:3 етіп жеңді. Бұл туралы «Восток-Медиа» сайты хабарлады. «Ресей құрамасы допты хоккейден әлем чемпионы атанды. Осы минуттарда «Ерофей» аренасында ең күшті қарсыластар арасындағы матч аяқталды. Ұлттық команда кездесудің соңғы минуттарында ойынның тағдырын өз пайдасына шеше біліп, Швециядан жеңісті тартып әкетті. Есеп – 5:3», - делінген хабарламада.

05-04-15-bendi-2 05-04-15-bendi-3 05-04-15-bendi-4

Кездесудің басы скандинавтардың басымдығымен өтті. Қақпашы Роман Черных 3-минутта өз қақпасына бірінші допты жіберіп алды. Оны Кристоффер Эдлундтың пасынан Даниэль Андерссон салды. Шведтер бар болғаны бес минут өткенде басымдылығын еселей түсті. Бұл жолы бағанның астына допты Пер Хельмюрс жөнелтті.

05-04-15-bendi-5 05-04-15-bendi-6 05-04-15-bendi-7

Таймның экваторына қарай ресейлік Пётр Захаров екі қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Бірақ швед голкипері Андреас Бергвал қақпаның «алуына» жол бермеді. Есепті қысқарту әрекетін 40-минутта бұрыштамадан берілген допты тиімді пайдаланған Сергей Ломанов жасады – 1:2. Командалары үзіліске осы есеппен кетті.

05-04-15-bendi-8 05-04-15-bendi-9 05-04-15-bendi-10

Таблодағы есеп 72-минутқа дейін сақталып тұрды. Осының алдында Павел Рязанцев жағдайды теңгеруге екі рет талаптанып еді. Бірақ екеуі де босқа кетті. Шведтер өз қақпаларына қарай соққы жасауға мүмкіндік бермеді. Бұдан кейін скандинавтар шабуылға шықты.

05-04-15-bendi-11 05-04-15-bendi-12 05-04-15-bendi-13

Ақырында олар ресейліктер қақпасына үшінші голды да түсіріп үлгерді. Оны Патрик Нильссон өз есебіне жазды – 3:1. Мынадан кейін орыстардың қарсыластарына жете қоюы қиын сияқтанып көрінген. Әйткенмен, «Ерофей» аренасына Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев келген сәттен бастап құраманың айы оңынан туып жүре берді. Арада минут өтпей жатып, Александр Тюкавин тағы бір голдың қарымтасын қайтарып кетті – 2:3. Оның артынша Сергей Ломанов тағы көзге түсті – 3:3. Мұндай сәттілікті күтпеген орыстардың өзі осыдан соң арқаланып, алға шапты. Бұл шапқындар бос кеткен жоқ, Павел Рязанцев пен Максим Ишкельдиннің доптары негізінде есепті 5:3-ке жеткіздірді. Еске сала кетейік, осының алдында қола медаль үшін таласта Қазақстан құрамасы Финляндияны 8:6 етіп ұтқан болатын. Дамир Қожамқұл. Мәнбе, сурет: Восток-Медиа.

05-04-15-bendi-14 05-04-15-bendi-15 05-04-15-bendi-16