05 Сәуір, 2015

Астана жастары сайлауды қолдап флешмоб өткізді (фото, видео)

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01 суретАСТАНА. 5 сәуір. Астанада 26 сәуірде өтетін президент сайлауын қолдаған жастар арнайы флешмоб ұйымдастырды. Шара «Менің алғашқы сайлауым» акциясы аясында өткізілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Мәдени шараға Астанадағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. «Сенің дауысың маңызды!», «Сайлауға келіп дауыс бер!» деп ұрандаған жастар барша қазақстандықты сайлауға шақырды. Астана қалалық жастар саясатын қолдау мемлекеттік қоры ұйымдастыру бөлімінің бастығы Әділет Төлеутаевтың айтуынша, акцияның мақсаты – халықты белсенділікке үгіттеп, дауыс беруге құқы бар әр азаматты сайлауға шақыру. «Бұл шара Астанадағы ең белсенді студенттердің қатысуымен өтуде. Әртүрлі халықтардың биі ұйымдастырылып, соңында жастар «26» символдық санын бейнеледі», – дейді Ә.Төлеутаев. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: «ҚазАқпарат». 02 сурет 03 сурет