20 Қазан, 2015

Зайырлылық қағидаттары қамтылды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен аптада Мәдениет және спорт министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігі мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды реттеу саласындағы өзара әрекеттестік туралы мемо­рандумға қол қойды. Бұл меморандум Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы мен Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков арасында болып, құжатты бекіту рәсімі өтті. Онда қамтылған басты бағыт: дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің дамуын­дағы зайырлылық қағидаттарды ілгерілету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың күштерін біріктіру көзделген. Тараптар меморандум­ды бекіту барысында Қазақстан­ның көпэтникалық және көп­кон­фес­сиялық саналуандығымен ерек­шеленетін санаулы елдердің қатарына енетінін атап көрсетті. Олар осы тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Отаны­мыз­дағы этносаралық және конфес­сияаралық келісімнің қазақ­стандық моделін одан әрі нығайту мақсатында жүргізіп отырған сая­сатын іске асыра беретіндерін жеткізді. Екі жақ та өздерінің діни сала­дағы негізгі бағыттары бойынша ұзақ мерзімге ынтымақтасатыны туралы уағдаласты. Бұл жұмыс­тағы негізгі басымдық облыс­тар­дың, Астана және Алматы қала­ларының әкімдіктеріне әдісте­мелік көрсетуге, радикалдық діни ағымдардың ұстанушылары ара­сында оңалту жұмыстарын өткі­зуге, сол секілді Қазақстан Үкіме­тінің және жергілікті деңгейдегі облыс, қала, аудан әкімдіктері жа­нын­дағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің іс пәрменділігін көтеруге бағыт­та­латын болады. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан».
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024