Марапаттау рәсімінде Аида Балаева өнер саласының ұстаздары мәдени құндылықтарды сақтап, кеңінен насихаттауда, сондай-ақ өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қалыптастыруда айрықша рөл атқаратынын атап өтті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және күй өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған «Күй күмбірі» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін Президент Жарлығымен төмендегі педагогтер марапатталды:
– «Құрмет» орденімен – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының музыка пәні мұғалімі Гүлфайруз Елжанова;
– «Ерен еңбегі үшін» медалімен – №46 мектеп-лицейдің музыка пәні мұғалімі Еркежан Намазова;
– «Алғыс» грамотасымен – №58 жалпы орта білім беретін мектептің музыка пәні мұғалімі Гүлзира Даржанова.