видеодан алынған кадр
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген кезде кран кабинасы жанып жатқаны анықталған. Құтқарушылар өртті биіктікте сөндіріп, оны қысқа уақытта толықтай оқшаулаған. Зардап шеккендер жоқ.
Куәгерлер түсірген видеода кран кабинасын түтін басып, өрт сөндірушілер жоғарыға көтеріліп, жалынды сөндіріп жатқан сәттер көрінеді.
Қызылордада полицей өртеніп жатқан үйден 2 баланы алып шықты
Айта кетейік, бұған дейін Астана қаласында тағы бір оқиға тіркелген – Нұра ауданында айналма дөңгелек (аттракцион) өртеніп, жолаушылар эвакуацияланған болатын.