Тергеу деректеріне сәйкес, ол қызметін пайдаланып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде өзіне жақын компанияларға заңсыз артықшылық берген. Соның салдарынан компанияға 5,2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Қазіргі уақытта Капенов халықаралық іздеуге жарияланған. Сот шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында Бас көлік прокуратурасы «Достық» станциясындағы терминалды тәркілеуді сұраған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұл мүлікті мемлекет меншігіне беру туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.