Бүгінгі күн биігінен қарағанда республикадағы аудандық газеттердің жай-күйі әжептәуір түзеліп қалғанын көреміз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, сол тұстағы өтпелі кезеңде ең алдымен еліміздегі аудандық газеттер қиын да күрделі жағдайға тап болғаны белгілі. Оқырманға ең жақын болып табылатын бұл басылымдардың шығу жиілігі бір айға дейін шегерілді. Ал кеңестік кезеңде аудандық газеттер аптасына үш рет шығып тұрған болатын. Бұған мысал ретінде еліміздің ең шалғай өңірлерінің бірі – Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлдызы» газетін атауға болады. Таяуда осы газеттің шыға бастағанына 85 жыл толды. Осы датаға байланысты газет редакторы Бауыржан Бисеновтен шақыру алған кезде жердің шалғайлығына қарамастан оған арнайы барып, аудандық буындағы әріптестеріміздің қуанышына ортақтасқанды жөн көрдік.
Мұнда ең алдымен байқағанымыз жердің шеті мен желдің өтінде орналасқан ауданда газеттің жай-күйінің жақсы деңгейде екендігі. Редакцияға су жаңа автокөлік берілген. Шығармашылықпен жұмыс істеуге қажетті басқа да жағдайлар туғызылыпты. Ең бастысы «Жайық Пресс» медиахолдингінің құрамындағы «Орда жұлдызы» газетінің өз сайты ашылған. Мұның өзі аудандық газетте жарияланған материалдар төрткүл дүниеге таралады деген сөз.
– Облыстағы аудандық газеттердің арасында Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлдызы» газеті алғаш рет интернет желісіне қосылып отыр. Осы арқылы мұнда жарияланған материалдармен танысқысы келетіндерге кең жол ашылды. Өйткені, оның өз сайты бар. Бұл бүгінгі өмір талабы. Алдағы кезде өңірдегі барлық аудандық газеттердің сайттарын ашуды ойластырып отырмыз, – деді бұл жөнінде газет тілшісіне «Жайық Пресс» ЖШС-нің бас директоры Жантас Сафуллин.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Батыс Қазақстан облысы,
Бөкей ордасы ауданы.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше