20 Қазан, 2015

Бұл мәселеге бей-жай қарамайық

325 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ЦОНШүкіршілік етейік, елімізде Елбасымыздың салиқалы сая­сатының арқасында тыныш, бейбіт күн кешудеміз. Алайда, алаң­датарлық жайттар көп-ақ. Солардың бірі – көлденең көк аттылардың ептеп көбейіп бара жатқаны, ертең едәуір проблема туғызып жүрмей ме деген ой да жоқ емес. Вокзалдың маңайында да, сауда орындарында да қаптап жүргендер де солар. Ондайлардың жанында жүрген кіп-кішкентай періштелерді көр­генде жүрегің елжірейді. Бір жолы соған куә болғаным бар. Астана шаһарындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚО) ал­­дын­да жалаңаяқ кәмелетке тол­маған бір жеткіншек жүр. Өт­кен-кеткеннен қайыр сұрайды. Бір кезде бала тысқары шыға беріп еді, баланың анасы аяқ киімін қалқалап кигізіп жатты. Мұны қалай тү­сінуге болады? Анасының ойы, ха­лық жалаңаяқ баланы көргенде жанашырлық танытып, нан-пұлға тиын-тебен береді дегені болар, сірә?! Туған анасының баласының денсаулығын ойлаудың орнына осындай жалған әрекетке өзі барып отырса, басқадан не үміт, не қайыр? Мына, жаңа заманның адамы неге мұндай аярлыққа ба­­рып жүр? Өз Отанымыздың аза­маттарының арасынан да ара­гідік ондай көріністер кездесіп қа­латынын жоққа шығара алмасақ керек. Иә, қазақ деген ұлы еліміздің ұрпағы ретінде жас та болса, бас қаламыз Астана келбетінің ашылуына сіз бен біз болып үлес қоса білсек, нұр үстіне нұр болары хақ! Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жа­ңа Астананың қаласы да, адамдарының санасы да жаңа болсын», – деген болатын. Осыған сай болу бәрімізге парыз деп білемін. Атам қазақ парызды білген ертеңге қарыз болмайды, дейді. Нұрмаханбет АХАТАЕВ, Астана қаласының тұрғыны.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024