20 Қазан, 2015

Ардагерлерге тегін басылым

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразиялық Топтың құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауыты ардагерлер кеңесінің ұйытқы болуымен, зауыт әкімшілігінің қолдауымен 700 еңбек ардагері өздерінің қалаулары бойынша сүйікті республикалық, облыстық басылымдарға 2016 жылға тегін жазылуда. Бұл мақсатқа зауыт әкімшілігінен 2340 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қарттарын асыл қазынасындай сыйлайтын бұл кәсіпорын жыл сайын өз ардагерлеріне тегін ба­сылымға жазылуды дәстүрге айнал­дырып келеді. Бұл игі іс-шара биыл да өз жалғасын тапты. Алдағы жы­лы зейнеткерлер өздерінің қа­лауымен рес­пуб­ликалық «Егемен Қа­зақстан», «Ка­захстанская правда» га­зет­тері­мен қайта қауыша алады. Бұл қазіргідей қаржылық дағ­дарыс етектен тартқан кезде еңбек ардагерлері үшін үлкен көмек. Ең бастысы, мұны газет оқуға дағ­дыланған аға ұр­пақ өкілдерінің өз үйі, өлең төсе­гінде отырып, әлемде, елде және өңірде болып жатқан жаңа­лықтармен, оқиғалармен танысуына туғызылған тағылымдық іс деу орынды. Бұл қаржы жоқ деп қарттарына да қараспай, қаперден шығарып алатын өзге кәсіпорындарға үлгі болатын-ақ үрдіс. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан». Ақтөбе облысы.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024