АСТАНА. 20 қазан. Бүгін, 19 қазаннан 20-сына қараған түні Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде Астананың «Барысы» Мәскеуде жергілікті «Динамомен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алғашқы кезең айдын иелерінің басымдығымен өтті. Толассыз шабуылдаған динамолықтар бұл бөлікте біздің қақпаға 14 соққы жасаса, «Барыс» хоккейшілері 4 соққымен ғана жауап берді. Нәтижесінде үзіліске бір минут қалғанда Мэт Робинсонның көмегімен мәскеуліктер есеп ашты.
Екінші кезең тең жағдайда өрбіді. Дегенмен, «Барыстың» ұрымтал сәттері қарсыласына қарағанда көбірек болғанын айта кетейік. Соңғы кезеңде де осы қарқынынан таймаған Евгений Корешковтың шәкірттері 47-минутта таразы басын теңестірді. Талғат Жайлауовтың асырған шайбасын қақпаға тура бағыттаған Вадим Краснослободцев болатын. Гол жіберіп алғаннан кейін «Динамо» шабуылын күшейтіп, тайлы-тұяғымен алға ұмтылды. Соның салдарынан қорғанысы айтарлықтай сыр берді. Осыны тиімді пайдаланған астаналықтар қарымта шабуылға ғана иек артуды жөн санады. Бұл тактика 52-минутта өз жемісін беріп, Найджел Доус есепті еселеді.
Қалған уақытта ресейліктер қанша шабуылдаса да таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Осылайша, «Барыс» биылғы маусымдағы 8-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бүгінде 24 ойыннан 29 ұпай жиған біздің команда Шығыс конференциясында 12-орында келеді. Ал 22 кездесу өткізіп, 41 ұпай еншілеген «Динамо» Батыс конференциясында 4-орында тұр.
«Барыс» келесі кездесуін 21 қазанда сырт айдында Братиславаның «Слован» командасымен өткізеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: dynamo.ru.
• 20 Қазан, 2015
«Барыс» Мәскеуде жергілікті «Динамодан» басым түсті

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше