3 500 оқушы қазақстандық Рекордтар кітабына тіркелді
Қазақстандық оқушылардың бұл рекорды Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры арқылы ұйымдастырылған «Аман Келешек» балаларға арналған II инклюзивті мәдени-спорттық фестивалі аясында өтті.
Аталмыш шараға балалар үйлерінің, тұрмысы төмен отбасыларының, басқа өңірлерден келген мектеп-интернаттардың оқушылары мен Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептерден 3 500 оқушы қатысып, таланттарын танытып, түрлі спорттық эстафеталар бойынша сайысты.
Президент Қорының атқарушы директоры Сағындық Нұраханов осынау шара балалар үшін тұтас мүмкіндіктер әлемін ашатындығын айтып отыр.
Сонымен, биыл екінші рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің спорттық-жаттықтыру кешені базасында өткізіліп отырған фестивальге Олимпиада чемпионы, әйгілі боксшы Ермахан Ыбырайымов қатысып: «Қазіргі гаджеттер мен компьютерлік ойындар заманында балалар далаға шықпайды, қимыл-қозғалысы аз. Сондықтан «Аман Келешек» фестивалінің маңызы зор. Бүгін балалар көп нәрсе үйреніп қана қоймай, басқа қалалардан келген құрдастарымен танысты. Біз оларға басқа да қызықты әлем мен армандар бар екенін көрсетіп, бойындағы дарындарын көрсетуге септесетінімізге сенімдімін», деді.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.

Жаңбыр,найзағай,қатты жел: ертең ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Емдеу мен дәрі-дәрмек төлемдеріне жаңа талап енгізіледі
Медицина • Кеше
Музыка мұғалімдері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мәдениет • Кеше
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Аймақтар • Кеше
Елімізде 103 суару каналы автоматтандырылады
Шаруашылық • Кеше
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Аймақтар • Кеше
«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты
Партия • Кеше
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент • Кеше
Алматы зообағында қонжықтарға ат қою науқаны басталды
Табиғат • Кеше
Астана әуежайында рейстер кестесі уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Астанада құрылыс кранының кабинасы өртенді
Оқиға • Кеше