19 Қазан, 2015

Ақтөбеде өзге ұлттың жастары мемлекеттік тілде шеберлік сынасты

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
19-10-2015-aktobe 01АҚТӨБЕ. 19 қазан. Ақтөбеде Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясында тіл мерекесіне орай Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған этномәдени бірлестіктердің жастары арасында «Тілім менің – байлығым» атты байқау өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен Достық үйі бірлесіп ұйымдастырған бұл байқауға 15-20 жас аралағындағы қазақ мектебінде оқымайтын өзге ұлттардың сегіз үміткері қатысты. Байқау шымылдығын Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртісі Әсет Оразалин Абайдың монологын оқумен ашты. Содан кейін байқауға қатысушылар «Сәлемдесу парызың» атты кезеңде өзін мемлекеттік тілде таныстырса, «Ұлы Абай шығармашылығы» бөлімінде Абайдың қара сөзін немесе бір өлеңін жатқа оқыды. Ал «Абай жолы» кезіңінде романнан үзінді келтірді. Сондай-ақ, «Абай – халықтың ұлы перзенті» деген тақырыпта өзі жазып алып келген шығарманы ұсынды. Төрт кезеңде өзгелерден озық өнер көрсеткен татар этномәдени бірлестігінің өкілі Розалия Исхакова бас жүлдені жеңіп алса, бірінші орынды әзербайжан этномәдени бірлестігінің намысын қорғаған Гуллара Абилова иеленді. Екінші орын башқұрт этномәдени бірлестігінен келген Руфина Ярлыкаповаға бұйырса, болгар қызы Лилия Маринова үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Байқауға қатысушылардың қай-қайысысы да құр қол қайтқан жоқ, түрлі марапаттарға ие болды. Шара соңы әдемі ән мен күмбірлеген күйге ұласты. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024