Ресей ІІМ Волгоград академиясында осы оқу орнын бітірушілердің кеші болды. 288 жас маман жоғары білім дипломы мен лейтенант шендеріне ие болды. Түлектер арасынан 21 маман Қазақстаннан болса, соның екеуі Батыс Қазақстан облысынан.
Академия Ресей Федерациясындағы ең ірі оқу орындарының бірі бола отыра, таяу және шетелдегі құқық қорғау органдарының білікті мамандар жиынтығының маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Бұдан бес жыл бұрын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушылар ішкі істер органдары мен ішкі әскер кадрларын даярлау жөнінде Мемлекеттік келісім жасаған болатын. Міне, биыл Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тұңғыш түлектер бітіріп шығып отыр. Олар – арнайы дайындық пен оқудан өткен 21 жас маман. Оларға тергеу аппаратында, қылмысты іздестіру, экономикалық қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінде, жедел-криминалистикалық бөлімшелерде қызмет етуге тура келеді.
Оқу орнын ерекше дипломмен аяқтаған жеті қазақстандық түлектің аты-жөндері академия жарғысына сәйкес естелік тақтасына енгізілді. Ал, қалғандары “жақсы” деген бағамен аяқтады.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің атынан Батыс Қазақстан облысы ІІД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Ермұрат Қамзин сөз сөйледі. Ол Ресей Федерациясының ІІМ Волгоград академиясының басшылығы мен ұжымына Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қызметіне мамандар даярлаудағы еңбектері үшін алғысын білдірді.
Фатихолла МАШТАҚОВ, полиция полковнигі. Батыс Қазақстан облысы.

Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Қоғам • Бүгін, 10:38
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Өнер • Бүгін, 10:11
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Білім • Бүгін, 10:01
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Қаржы • Бүгін, 09:05