Спорт • Кеше

Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоров әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсеткен барша жанкүйерлеріне алғысын білдірді, деп жазады Egemen.kz

Михаил Шайдоров қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты

фото: Сали Сабиров

Спортшы ең алдымен Олимпиада ойындары кезінде жанкүйер болған барша халыққа ризашылығын жеткізді.

«Олимпиада ойындарында маған жанкүйер болған барлық отандастарыма көп рақмет айтқым келеді. Сондай-ақ көрсетілген зор қолдау үшін Мемлекет басшысына айрықша алғысымды білдіремін», деді ол.

Шайдоров Қазақстан мәнерлеп сырғанау федерациясының президенті Бауыржан Ералыға да ерекше алғыс айтты. Оның айтуынша, соңғы бір жылда федерация тарапынан көрсетілген қолдау мен атқарылған жұмыс спорттың дамуына үлкен үлес қосты.

Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор

Сонымен қатар спортшы бүкіл маусым бойы жанынан табылған мамандарға, жаттықтырушыларға және команда мүшелеріне ризашылығын жеткізді.

«Маусым өте ауыр болды. Осы жолда жанымда болған барлық мамандарға, жаттықтырушыларға және қолдау көрсеткен жандарға шын жүректен алғыс айтамын», деді чемпион.

Ол трибунада отырып, экран алдында қолдау білдірген жанкүйерлерге, әлеуметтік желіде жазба жариялап, жылы лебізін білдірген азаматтарға да ерекше ризашылық танытты.

Арманнан алтынға дейін: Михаил Шайдоровтың чемпиондық жолы

«Соңғы екі күнде не сезініп жүргенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Әлі де ұйықтаған жоқпын, бірақ баршаңызға үлкен энергия жолдап, зор алғысымды айтамын», деді Михаил Шайдоров.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты Миланда өткен Қысқы Олимпиададағы жеңісімен құттықтап, спортшыға автокөлік сыйлайтынын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар