Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентіндегі жер үйден екі адамның мәйіті анықталды. Жер үй елді мекендегі «Площадка» шағынауданы аумағында орналасқан. Қайтыс болғандар қызы мен әкесі екені анықталған.
Белгілі болғандай, марқұмдардың мәйіті үйде ұзақ уақыт жатып қалған. Ал үйде осы уақытқа дейін қайтыс болған ер адамның зайыбы және марқұм әйелдің кішкентай баласы тұрып келген. Басқа ақпараттар әзірше жарияланбай отыр.
«Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды